Қоғам

Елімізде алимент төлемеген борышкерлердің 7 млрд теңге қарызы бар

2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі есеп бойынша республикада 263 мемлекеттік және 2111 жеке сот орындаушылары жұмыс істейді. Олар жалпы сомасы 20 триллион теңгеге жуық сомаға 7,2 миллион атқарушылық өндіру ісін жүргізуде, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Бүгінгі күні шамамен 2 триллион 807 млрд теңге сомаға атқарушылық өндірудің 40 пайызы орындалды. Аяқталған атқарушылық өндірудің 1,5 миллионы немесе 52 пайызы орындалды. Бұл соманың қомақты бөлігін алимент өндіруге арналған құжаттар құрайды.

Бұл дегеніміз республика бойынша 303 мыңнан астам немесе 4% өндірістер құрайды. Бұл процесс бала кәмелетке толғанға дейін созылатындығын да естен шығармау керек.

Министр атағандай, орындалып жатқан өндірулердің үлесінен 13 316 құжат (5%) проблемалық өндірулер болса, 6072 (46%) құжат бойынша қарызы мүлде өтелмеген (7 млрд. теңге).

2023 жылдың 6 айында алимент төлеу бойынша сот актілерін орындамағаны үшін 2861 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 7219 борышкерге елден шығуға уақытша тыйым салынды.

Алимент өндіру бойынша барлық проблемалық атқарушылық құжаттар бойынша сот орындаушылар мәжбүрлеу шараларын қолданады. Кейбір жағдайларда борышкердің тұрақты табысы мен мүлкінің болмауына байланысты алимент өндіру қиынға соғады. Осыған орай, облыстық әділет департаменттері әкімдіктермен бірлесе отырып, борышкерлерді жұмысқа орналастыру мақсатында бос орындар жәрмеңкелерін тұрақты түрде өткізіп тұрады. Мысалы, 2023 жылдың 8 айында республика бойынша 2101 борышкер жұмысқа орналастырылды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago