Елімізде астық экспорттауға шектеулер алынып тасталды

ВАК астық пен ұнды экспорттауға шектеулерді алып, мал экспорттауға квоталар белгілеуге шешім шығарды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметінше, биыл елімізде 13 млн тоннадан астам бидай жинау жоспарланған. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 12%-ке артық. Ел ішінде бидай тұтыну үшін шамамен 6,5 млн тонна қажет.

Мүдделі мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҚР ҰКП, Астық одағы, Астық өңдеушілер одағы өкілдерімен, «Шопан-Ата» ұлттық агро-қозғалысының басшысымен бидай мен меслинді, бидай ұнын экспорттауға сандық шектеулерді (квоталарды) алып тастаудың орындылығын жан-жақты талқылау қорытындысы бойынша, сондай-ақ АШМ болжамы негізінде астық пен ұн экспорттауға шектеулерді 2022 жылдың 10 қыркүйегінен бастап алып тастау туралы шешім қабылданды. Еске сала кетейік, бұл шектеу Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен 2022 жылғы 8 шілде мен 30 қыркүйек аралығына енгізілген еді,

деп айтылды Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) кезекті отырысы

Ауыл шаруашылығы министрлігіне астық экспортына мониторинг жүргізу және астық пен ұн экспортын одан әрі реттеу мәселесін пысықтау тапсырылды.

Отырыста аналық мал басын қоспағанда, ірі қара және ұсақ қара малды экспорттауға цифрлық шектеу (квоталар) белгілеу мақұлданды. 

Статистикаға сүйенсек, 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша, еліміздегі ірі қара мал саны – 9,4 млн бас, оның ішінде 4,5 млн басы — сиыр, 3,2 млн басы — төл бар.

Қошқар экспорттауға 60 мың бас немесе жалпы мал басының 9%-і, сондай-ақ 120 мың бас тоқты немесе жалпы мал басының 10%-і көлемінде квота белгілеу туралы шешім қабылданды.

Еске салайық, 2022 жылғы 21 қаңтар мен 21 шілде аралығында ірі қара және ұсақ малды экспорттауға тыйым салынған еді.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago