Қоғам

Елімізде аяздың беті қашан қайтады: синоптиктер болжам жасады

Синоптиктер алдағы үш күнде, яғни 14-16 желтоқсан аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК ресми сайты хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сонымен қатар аяздың беті қайта бастайды.

Болжам бойынша Қазақстанның шығысына арктикалық антициклон әсер етіп, осыған байланысты мұнда төмен температура және аяз сақталады.

15-16 желтоқсанда республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауады деп күтілуде.

Синоптиктер еліміздің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жел күшейіп, аздаған боран соғады деп болжады. Сондай-ақ таулы аймақтарда тұман түсіп, республиканың батысында шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Елімізде түнде ауа температурасы ақырындап көтеріледі деп болжанып отыр. Ауа температурасы:

  • батыста -5…-15 градус;
  • солтүстік-батыс пен орталықта -10…-25 градус;
  • солтүстікте -17…-28 градус;
  • оңтүстікте -5…-18 градус;
  • оңтүстік-шығыста -10…-25 градус болады.

Десе де мамандар алдағы күндері Қазақстанның шығысында -30…-40 градус аяз сақталатынын ескертті.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago