Елімізде бір апта ішінде 2 655 қылмыс жасалды

Қазақстанда өткен аптада 655 қылмыс тіркелді. Оның ішінде 14 кісі өлімі бар. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты.

Елімізде өткен апта ішінде 2 655 қылмыс жасалды. Оның ішінде 1 655 қылмыс тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпай 14 кісі өлтіруді, 2 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмысының бетін ашты. Одан бөлек, тәртіп сақшылары 26 тонау және 377 бөтен мүлікті ұрлағандарды ұстады.

деді Шұғыла Тұрлыбек ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ведомство өкілі тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген азаматтарға SMS хабарлама жіберу жалғасып жатқанын айтты.

Сізге SMS хабарлама келсе, онда ішкі істер министрлігі дерекқорында сіздің тіркелуіңіз туралы мәліметтер жоқ деген сөз. Сіз тұрғылықты жеріңізде тіркелуіңіз керек. Мұндай хабарламаларды жіберудің мақсаты — азаматтардың нақты тұратын жері бойынша тіркеусіз тұруына байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу.

дейді ол.

Одан бөлек, министрлік өкілі тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген жағдайда айппұлдың барын еске салды.

Бүгінгі күні тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұрғаны үшін 10 күннен 1 айға дейін ескерту беріледі. Егер 1 айдан асып кетсе, 7 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) (21 441 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Қазіргі уақытта тұрғылықты жері бойынша тіркелу қызметі «электрон үкімет» порталында, сонымен бірге «Халық банкі» АҚ – «Halyk Homebank» мобайл қосымшасында қолжетімді. Өзіңіздің тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелуіңізді eGov mobile мобайл қосымшасы арқылы тексере аласыз.

деді ІІМ өкілі.
Наргиза Аршидин

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago