Экономика

Елімізде әйелдердің айлығы ерлердікінен көп жалғыз өңір бар

Қазақстанда ер адамдар әйелдерден көп айлық алады. Жалақы айырмашылығы – 33,7%. Бұл туралы Астана телеарнасы Finprom сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

2022 жылы ерлер орта есеппен 355,3 мың теңге, әйелдер 265,8 мың теңге алған.

Ал басқа аймақтарда ерлердің орташа жалақысы:

  • Атырау (631,8 мың теңге);
  • Маңғыстау (590,6 мың теңге);
  • Ұлытау (489,1 мың теңге) облысы.

Бұл аймақтарда ер мен әйел арасындағы жалақысы бойынша өте үлкен айырмашылық байқалды.

Маңғыстау облысында ерлердің айлығы әйелдердің жалақысынан екі есе, Атырауда 85,9%-ға, Ұлытауда 68%-ға артық.

Жетісу облысы – әйелдердің айлығы ерлердікінен көп жалғыз өңір.

Жамбыл, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында жалақыдағы айырмашылық аз.

Мына өңірлерде әйелдердің орташа айлығы жоғары:

  • Астана 365,1 мың тг;
  • Атырау облысы (339,8 мың теңге);
  • Алматы (320,1 мың теңге).

Сарапшылардың айтуынша, тек білім беру саласындағы әйелдердің орташа айлық жалақысы ерлердікінен 4,8%-ға артық. Әйелдердікі 251,4 мың теңге болса, ерлердікі – 239,8 мың тг.

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу (535,8 мың теңге), қаржы және сақтандыру қызметі (460,2 мың теңге), Ақпарат және байланыс (403 мың теңге) салаларында әйелдер көп жалақы алады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago