Елімізде әйелдердің жалақысы ерлерге қарағанда 22%-ке аз

Әйелдердің орташа айлық жалақысы 220 160 теңге, ерлердікі 281 239 теңге. Айырмашылық орта есеппен 61 079 теңге. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

2020 жылы гендерлік жалақы айырмашылығы 25% болды.

Статистиктердің пікірінше, еңбекақыдағы айырмашылықтар атқарылған жұмысқа және кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің түрлеріне қарай ерекшеленеді.

Еңбекақының ең жоғары мөлшері тау-кен өндіру өнеркәсібіндегілер мен карьер қазатындарда – 503 930 теңге, ең төменгісі – ауыл, орман және балық шаруашылығында – 150 705 теңге.

Бұл ретте 2021 жылы 15 және одан жоғары жастағы жұмыс күшінің саны 9,3 млн адамға жетті немесе халықтың жалпы санының 69,3%-ы. 2020 жылы 9,2 млн адам болған еді.

Статистердің мәліметінше, экономиканың түрлі салаларында 8,8 млн адам жұмыспен қамтылған, оның ішінде 4,2 млн адам немесе 48,3%-ы – әйелдер (2020 жылы – 48,2%).

Жұмыспен қамтылған халық құрылымының басым бөлігі жалдамалы жұмыскерлерден тұрады – 6,7 млн адам, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар 2,1 млн адам (23,8%).

Жалдамалы жұмыскерлер санында гендерлік теңдік байқалды: 50,9% – ерлер, 49,1% – әйелдер. Ал өз бетінше жұмыспен қамтылғандар арасында әйелдермен 45,6% салыстырғанда ерлердің үлесі сәл жоғары – 54,4%.

Ұлттық статистика бюросы таратқан мәліметке сүйенсек, экономиканың әртүрлі салаларындағы ерлер мен әйелдердің бөлінісін қарастырсақ,  жалдамалы жұмыс істейтін ер адамдардың едәуір үлесі «ерлер» салалары: құрылыс (77,2%), өнеркәсіп (68,9%), ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы (57,8%), көлік және қойма (77,4%) салаларында.

Әйелдер ауыл шаруашылығы секторында (42,2%), өнеркәсіпте (31,1%) және құрылыста (22,8%) азырақ, бірақ сауда (57,1%), орналастыру және тамақтану қызметтерін ұсыну (65,4%), білім беру (72,9%), денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету сияқты экономикалық қызмет салаларында басым (73%).

Жыныс-жас құрылымын талдау жұмыспен қамтылған халықтың негізгі үлесін 25 пен 54 жас аралығындағы адамдар алатынын көрсетті – 76,5%, бұл ретте ерлер мен әйелдердің арақатынасы шамамен бірдей: 51,3% – ерлер және 48,7% – әйелдер.

Жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 11,5%-ы жастарға (15-24 жас) тиесілі және олардың арасында қыздарға (47,0%) қарағанда жігіттер көбірек (53,0%) байқалады.

Зейнеталды жасындағы адамдар (55-64 жас) жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 11,2%-ына тең, бұл ретте осы жас тобындағы әйелдердің үлесі – 49,1%.

Жұмыспен қамтылғандар санында жұмыс істейтін зейнеткерлердің (64 жас +) үлесі аз – 0,8%, оның ішінде 53,1% – әйелдер.

Талдау көрсеткендей, 7,4 млн адамның немесе жұмыспен қамтылған халықтың 83,5%-ында жоғары және орта кәсіптік (арнайы) білімі бар.

Әйелдер неғұрлым білікті жұмыс күші болып саналады, 41,4% әйелдің білім деңгейі жоғары.

Жұмыссыздар саны 449,6 мың адамға жетті, олардың жартысынан сәл астамы әйелдер (55,1%). Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9% деңгейінде қалыптасты, ал әйелдер жұмыссыздығы (5,5%) ерлер арасындағы жұмыссыздықтан (4,2%) асып түсті.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

3 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

4 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

5 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

5 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

5 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

7 дней ago