Экономика

Елімізде миллиондап жалақы төлейтін жұмыс анықталды

Елімізде 81 мыңнан астам адам миллиондап жалақы алады. Бұл жалпы халықтың 2 проценті.

Олар ешқандайда жеке кәсіпкер немесе шенді, шекпенді емес, қарапайым жұмысшылар. Тау-кен өнеркәсібінде шамамен 23 мың 600 адам қомақты жалақы алады.

Ал 9 мыңнан астамы өнеркәсіп саласында еңбек етеді. Үшінші орында қаржы және сақтандыру саласы тұр. Онда 8600 адам жұмыс істейді.

Құрылыста 7800, саудада — 5500 адам миллиондап табыс табуда. Жалақысы қомақты ерлер әйелдерден 3 есе көп, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Елімізде зергерлік бұйымдарға сұраныс артқан. Жыл басынан бері 839 млн теңгенің бұйымы өндіріліп, 110 млн АҚШ долларына тең болатын бағалы бұйымдар импортталды. Былтыр өндіріс көлемі 1,36 млрд теңгеге жеткен еді. Бағалы металлдан жасалған бұйымдардың бағасы күн санап өсуде. Неке сақинасы 32 пайызға қымбаттаса, сағаттар мен әшекейлер 30 пайызға көтерілген. Соған қарамастан көпшілік алтын алып жатыр. Мүмкін құны түспейтін дүниемен байлық жинауды құп санайтын шығар.

Алтын күйінде сақтасаңыз ол сізге кез-келген жағдайда қолжетімді болады. Апарасыз, орнына қалаған нәрсеңізді ала аласыз. Бұл біржағынан азаматтардың белсенділігін, табыстылығын арттырудың бір жолы болып отыр,

Ғалымжан Есқараұлы, экономист.

Зейнетақы қорындағы қаржы 17 млрд теңгеден асты. Жыл басынан бері жинақтағы ақша 2,6 трлн теңгеге өскен. Бұл қаржының 96 пайызы міндетті зейнетақы жарналарынан түскен.

Еңбек демалысындағы жандарға 405 млрд теңгеден астам қаржы төленсе, жас бойынша төлемдер 109 млрд теңгеден асқан. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге берілген біржолғы зейнетақы төлемдері 198,75 млрд теңгені құрады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago