Елімізде ұн бір жылда 40%-ке қымбаттады

2022 жылғы алғашқы 7 ай қорытындысы бойынша ҚР ішкі нарығында ұн сату 21%-ке төмендесе, экспорт 25%-ке өсті. Бұл туралы Energyprom.kz хабарлады.

Биыл қаңтар–тамыз айларында дәнді және өсімдік дақылдарынан жасалған ұннан; олардан майда тартылған ұн қоспаларынан өндірілген өнім көлемі 2 млн тонна болды. Бұл былтырғы осы кезеңімен салыстырғанда 0,5%-ке аз. Бір жыл бұрын өндіріс көлемі 3,8%-ке төмендеген.

Өндірілген өнімнің 1,9 млн тоннадан сәл астамы бидай немесе қышқыл ұнына, 138,9 мың тоннасы нан өнімдерін дайындауға арналған қоспаларға, 7,4 мың тоннасы биязы және ірі көкөніс ұнына тиесілі.

Биыл қаңтар–шілде айларында отандық компаниялар дәнді дақылдардың майда тартылған қоспаларына сұранысты (ішкі нарықтағы сатуды және экспортты) былтырғы осы кезеңдегі 99,6%-пен салыстырғанда 98,9%-ке қамтамасыз етті. Осы кезеңдегі өндіріс көлемі бір жылда 1,2% қысқарды, ал импорт 2,5 есе өсіп 18,8 мың тоннаға ғана жетті.

Экспорт 2022 жылғы қаңтар–шілдеде 935,3 мың тонна болып, 24,9%-ке өсті. Ал ішкі нарықтағы сату көлемі, керісінше, 20,5%-ке — 757,5 мың тоннаға дейін төмендеді.

2022 жылғы тамыз айы қорытындысы бойынша, ұн бағасы айына 4,3%-ке өсті. Бұл — 2011 жылдан бергі ұн бағасының ай сайынғы ең жоғары өсімінің бірі. Сонымен қатар ұн бағасының 2011 жылдан бергі рекорд айлық өсімі биыл сәуір және мамыр айларында 7,5% және 6,8% болды.

2011–2021 жылдар аралығында ұн бағасының орташа айлық өсімі 0,8% болды. Дегенмен биыл қаңтар-тамыз айлары қорытындысы бойынша, ұн бағасы айына орта есеппен 4%-ке қымбаттаған.

Өңірлер бойынша 2022 жылғы тамыз айы қорытындысы бойынша, ұн бағасының ең жоғары айлық өсімі Павлодар (12,8%), Жетісу (12,4%) және Батыс Қазақстан (11,9%) облыстарында тіркелді. Ұнның бағасы ең аз Ақмола (0,3%), Ақтөбе (0,6%) және Солтүстік Қазақстан (0,8%) облыстарында қымбаттады.

Ұзақ мерзімді динамикаға келетін болсақ, биыл тамыз айы қорытындысы бойынша ұн былтырғы желтоқсан айымен салыстырғанда 36,8%-ке, ал бір жыл ішінде бірден 41,4%-ке қымбаттады.

Екі көрсеткіш те барлық уақыттағы ең жоғары көрсеткіш.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago