Бір облыста бағаның өсімі 48%-ға дейін барды. Ал өндіріс керісінше азайған.
Жаңа піскен нан Ұлытау мен Маңғыстау облыстарында және Шымкентте ең аз өндірілді.
Биыл қаңтар–тамыз айларында жаңа піскен нан өндірісі 342,4 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3% аз.
Өндірілген өнімнің төрттен бір бөлігі дерлік Түркістан облысының үлесіне тиді: 81,7 мың тонна, бір жыл ішінде 8,3% азайды. Үздік үштікке Алматы қаласы мен Ақтөбе облысы да кірді: сәйкесінше 36,6 мың және 33,8 мың тонна.
Биылғы қыркүйек айында нан бағасы өткен жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда айтарлықтай 19,4% қымбаттады. Қара бидай мен бидай ұнынан пісірілген нан 24,7%, жоғары сұрыпты ұннан пісірілген бидай наны 28,2%, бірінші сұрыпты ұннан пісірілген бидай наны 14,4%, кесілген нан 28,1% қымбаттады.
ҚР-ның барлық өңірлерінде нан қымбаттады. Атап айтқанда Ұлытау облысында бірден 48,3%, Ақмола облысында 27,6% және Алматы қаласында 25,8% қымбаттады. Баға баяу өскен өңір Солтүстік Қазақстан облысы. Онда нан бағасы 2,6% ғана өсті.
Жоғары сұрыпты ұннан жасалған бидай нанының килосы 341 теңгеден, бірінші сұрыпты ұн наны 195 теңгеден сатылды.
Сарапшылардың пікірінше, нан елдің барлық аймақтарында қымбаттады. Соның ішінде Ұлытау облысында нан бағасы бірден 48,3%-ға, Ақмола облысында 27,6%-ға, Алматыда 25,8%-ға өсті.
Energyprom зерттеушілерінің айтуынша, қала тұрғындары ауыл тұрғындарына қарағанда бидай нанын аз тұтынады: 7,2 кг және 7,8 кг.
Осы жылдың қаңтар-тамыз айларында жаңа піскен нан өндірісі 342,4 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3%-ға аз. Сектордағы шығарылымның төрттен бір бөлігі Түркістан облысына тиесілі болды. Топ-3 өңірде Алматы мен Ақтөбе облысы да болды,
делінген баяндамада.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…