Саясат

Елімізде нашақор 10 шенеунік қызметінен қуылды

Елімізде мемлекеттік қызметшілер арасынан есірткіге тәуелді онға жуық адам анықталған. ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірхановтың сөзінше, олар жұмыстан босатылған, деп хабарлайды Bugin.kz.

Әмірханов қазір мемлекеттік қызметшілер мен әскери қызметкерлерге есірткі қолдану фактісін анықтау мақсатында жаппай скринингтен өткізу пилоттық жобасы жүзеге асырылып жатқанын мәлім етті.

Әскери және мемлекеттік қызметшілер де адамдар. Олардың арасында есірткіні қолдана алатындар да бар. Нашақорлыққа тәуелділік бұл қылмыс емес,  бұл да құмар ойындарға тәуелділер сияқты аурудың бір түрі. Ал оларды анықтау үшін скринингтік тестілеуге жүгінеміз,

деді ол.

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес департаменті бастығы орынбасарының айтуынша, биыл полицейлер арасында да есірткі қолданатын үш қызметкердің бары анықталыпты. Оның біреуі Астанада жұмыс істеген.

Айта кетейік, бұдан бұрын  Бақытжан Әмірханов 2024 жылдан бастап ел оқушылары нашақорлыққа жаппай тексерілетінін мәлімдеген.

Сая Манарбековна

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago