Categories: Экономика

Елімізде подкаст қаншалықты табысты өнім?

Подкаст саласы Қазақстанда біртіндеп дамып, тыңдарман қатары күн санап артып келеді, деп жазады Forbes.kz.

Сарапшылардың айтуынша, дәл қазір еліміздегі подкастерлер саны мен тыңдалым бойынша статистика, бұл өнімді монетизациялау жолдары немесе бұл сегментте шоғырланған қаражат ауқымы бойынша нақты ақпарат жоқ.

2022 жылдың қыркүйегінде Muck Rack медиа платформасы бірнеше елде жүргізген State of Podcasting сауалнамасының нәтижесіне сүйенсек, әлем бойынша алғанда, подкастерлер бүгін өз қызметінде жеке қызығушылық пен энтузиазмды алдыңғы қатарға қойып, табыс табуды екінші кезекке қалдырған. Сауалнамаға қатысқан 600-ге жуық подкастердің басым бөлігі подкаст жазу, қонақтарды шақыру және маркетинг пен PR-ды өздері жасайтынын айтса, 69%-ы аудиторияны ұлғайту мақсатында YouTube желісіне шығып жүргендерін ортаға салған.

Десек те, қазіргі таңда монетизацияға мән беретін подкасттар қатары да таныла бастаған. Сауалнамаға қатысқандардың 38%-ы өз подкастына ақылы жазылым енгізсе, 34%-ы жарнама тартып, 29%-ы премиум контент дайындаған, ал 26%-ы эпизодтарына қонақтарды ақылы негізде тартатынын айтқан.

Бұл әлемдік тенденция. Ал Қазақстанда ше? Отандық подкаст саласы қалай дамып, қандай мәселелерді көтеріп жүр?

Қазақстандық подкастерлердің басым бөлігі бұл кәсіпке әлі де болса хобби түрінде қарайды, сондықтан да бұл салада дәл қазір табыс табу жолдары айқындалып, белгілене қойған жоқ. Дегенмен, подкаст саласын нарық талабына сай дамыту мұндағы ойыншылар үшін өте маңызды, ал бұл қандай да бір статистиканы талап етеді.

Тыңдаушылар Қазақстанның барлық аймағынан болғанымен, басым бөлігі Алматы мен Астанадан, олардың арасында өзге өңірлерден келген қонақтар да кездесті. Подкастты көбінесе қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тыңдайды екен.

Подкаст өнімінің қазақстандық жанкүйерлері бұл тұрғыда смартфонды көбірек қолданады екен. Сол сияқты, подкаст тыңдауда отандастарымыз үшін Apple podcast (41%) пен Google podcasts (34%) мейлінше танымал қосымша болса керек.

Басқа да медиа өнімдермен салыстырғанда подкаст таңдайтындардың арасында: «Теледидар қарағанша, подкастты жиірек тыңдаймын» дегендер 36%-ды, «Кино мен сериалдан гөрі, подкастты жиірек тыңдаймын» дегендер 22%-ды құраған. Ал подкасттың өзге форматтардан ерекшелігі туралы сұрағанда, респонденттердің 46%-ы: «Кез келген уақытта тыңдауға болады, Интернетті қажет етпейді» деп жауап берсе, 33%-ы: «Цензура жоқ, өзекті мәселелерді ашық көтеру мүмкіндігі бар» деген пікір айтқан.

Тыңдармандар подкасттардан пайдалы ақпарат, тренд тақырыптарды, танымал адамдардың қандай да бір мәселе бойынша пікір-ойын, тәжірибесін күтеді және жалпы көңілін аулау, көңіл-күйін көтеру үшін тыңдайды.

Бұл өнімнен қанша ақша табуға болады?

Біздің подкастерлер өз эпизодтарына жарнама тарту, серіктестік материалдар дайындау, банк қосымшалары арқылы қаражат жинау амалдарын жасауда. Бірақ қазір елімізде подкаст саласын үкіметтік емес ұйымдардан грант тарту арқылы дамытып жүрген подкастерлер басым.

Қазір Қазақстанда видео подкасттардың монетизацясы жақсы дамып келеді, ал аудио подкаст жасаушылар әзірге донат, грант негізінде, не демеуші тарту арқылы дамуда.

Дәл қазір ел ішінде аудио контентке ақша құятын инвесторлар аса байқалмайды, себебі олар бұл нарықтың әлеует мүмкіндігін әлі де көріп отырған жоқ. Подкаст өнімін монетизациялау үшін, ең алдымен, нарықты қалыптастыруға күш салу керек.

Подкаст (Podcast) сөзі ағылшын тіліндегі  iPod және broadcasting сөздерінің бірігуінен пайда болды. Подкаст – RSS арқылы тарайтын, онлайн тыңдауға және жүктеп алуға болатын, жүйелі түрде шығатын аудио форматтағы жазба (бағдарламалар, хабарлар, сұхбаттар, монологтар т.с.с.). Радиодан ерекшелігі – подкаст Интернет арқылы таратылады, эфирден берілмейді. Подкастты тоқтатып қоюға, қайтадан тыңдауға, алға-артқа жылжытып, тіпті бірнеше рет қайталап тыңдауға болады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago