Елімізде сарымай қымбаттады

Жыл басынан бері сарымай бағасы 15%-ке дейін өскен. Оның ішінде, Маңғыстау облысында бірден 29%-ке қымбаттады. Energyprom.kz зерттеуін ұсынамыз.

Жыл басынан бастап шілде айына дейін елімізде 13,9 мың тонна сарымай өндірілді. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12,6%-ке аз. Бұған дейін өндіріс көлемі 31,9%-ке өскен.

2022 жылғы қаңтар-мамыр айларында отандық май зауыттары сарымай сұранысының 71%-ін қанағаттандырды. Былтыр бұл көрсеткіш 83,6% еді. Бұл айларда (2021 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда) өндіріс жылына 12%-ке азайды. Ал импорт, керісінше, бір жылда бірден 83,5%-ке өсті. Бұл импорттаушылардың нарықтағы үлесін 16,4%-тен 29%-ке дейін ұлғайтты.

2022 жылғы қаңтар-мамыр айларында Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сарымай сатылымы 19,9%-ке өсіп, 12,5 мың тонна болды. Осы кезеңдегі экспорт 4 есеге жуық азайып, 541,5 тоннаға дейін түсті.

2022 жылғы шілде айы соңында тұзсыз сарымай бағасы 1,2%-ке, жылына 17%-ке өсті. Бұл ретте жыл басынан бері баға 14,7%-ке өсті.

Қазақстанда биыл шілдеде тұзсыз сары майдың орташа бөлшек сауда бағасы келісіне 3,3 мың теңгеге жетті. Ірі қалаларда баға 2,7 мың теңгеден (Павлодар) 4,3 мың (Атырау) теңгеге дейін өзгерді.

Жыл басынан бері сарымай Маңғыстау облысында айтарлықтай қымбаттады — бірден 29%-ке. Одан кейін бағаның өсу реті бойынша Шымкент (26,7%) пен Жамбыл облысы (26,4%) тұр.

Баға ең аз өскен өңірлер: Нұр-Сұлтан (3%-ке), Алматы (5,6%-ке) және Павлодар облысы (7,2%-ке).

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago