Елімізде тауық еті қымбаттады

Тауық етінің бағасы 28 пайызға, ал тауық аяқтарының құны 27 пайызға қымбаттаған.

Биыл қаңтар-қазан аралығында Қазақстанда 93,3 мың тонна жаңа немесе салқындатылған құс еті өндірілді. Өңірлер арасында мұздатылған құс етін өндіру бойынша Алматы облысы көш бастап тұр- 54,6 мың тонна (4,9%). Көшбасшылар үштігіне Ақмола және Абай облысы кіреді.

Сондай-ақ, салқындатылған құс етін өндіру бойынша Ақмола облысы (35,2 мың тонна) алдыңғы орында. Екінші орында ШҚО, ал үшінші орынға Алматы облысы жайғасқан.

Биыл жергілікті компаниялар құс еті мен азық-түлік өнімдеріне сұранысты 67,2%-ға қамтамасыз етті. 2021 жылы 69,2%-ға қамтыған еді.

Импорт үлесі 30,8%-ды құрады. Қазақстан 84,9 мың тонна «ақ» ет және субөнімдер әкелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6%-ға аз.

Ал экспортқа 8,7 мың тонна ет жіберілді, көрсеткіш 55,6%-ға аз. Ішкі нарықта құс еті және құс еті өнімдерін сату 4,3%-ға яғни 267,2 мың тоннаға дейін өсті.

2022 жылғы қазан айының қорытындысы бойынша Қазақстанда тауық еті 27,9%-ға, ал тауық аяқтары (окорочка) 26,7%-ға қымбаттады. Осылайша дүкендер мен базар сөресінде тауық етінің келісі 1,4 мың теңге, ал тауық аяқтарының келісі 1,2 мың теңге болды.

Тауық еті бағасының қымбаттауы әсіресе Абай облысында байқалды. Бір жылда 52,3%-ға өскен.

Сонымен қатар Шымкент қаласында 48,7%-ға және ШҚО-да 41,9%-ға қымбаттаған.

Керісінше арзан баға Алматы облысында тіркелді. Аталған өңірде өсім — 12,3%.

Тауық аяқтарының (окорочка) бағасы Маңғыстау облысында 54,9%, Павлодар облысында 43,9%-ға және СҚО-да 35,7%-ға қымбаттау байқалды.

Еліміздің ірі қалаларының ішінде тауық еті Ақтауда (келісі 1,7 мың теңге), тауықтың аяқтары Түркістанда келісі 1,4 мың теңгеге қымбат.

Ең арзан тауық еті мен тауық аяқтары Орал қаласында, келісі 997 теңге тұрады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago