Елімізде тазы мен төбетті сақтау туралы заң қабылданады

Тазы мен төбетті сақтау және қалпына келтіру туралы жеке заң әзірленеді. Бұл туралы Президент әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Президенттің іс басқарушысы Айбек Дәдебаев қазақы ит тұқымдары тазы мен төбетті сақтау және қалпына келтіру мәселелері бойынша жиын өткізді.

Мамандармен (кинологтар, ғалымдар) талқылау нәтижесінде тазы мен төбетті сақтау және қалпына келтіру мәселелеріне қатысты жеке заң жобасын әзірлеу жөнінде шешім қабылданды.

Осыған орай, жиында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне басқа мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып заң жобасының соңғы нұсқасын енгізу тапсырылды,

делінген хабарламада.

Сонымен қатар Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен және сарапшылармен бірлесіп қазақы ит тұқымдары стандартының жаңа жобасын қарастыратын болды.

Алда атқарылатын іс аз емес. Ведомствоаралық жұмыс тобының барлық шешімдері сарапшылармен бірге талқыланып, олардың пікірі ескерілуге тиіс. Кезінде панажайы бар кинологиялық зерттеу орталығын салу тапсырылған еді, ол орта жолдан тоқтап қалды. Енді мұны соңына дейін жеткізу керек. Сонымен қатар, тазы мен төбетті Халықаралық кинологиялық қауымдастықта (FCI) тіркетіп, олардың шыққан жері ретінде Қазақстанды көрсету рәсімдерін ерекше бақылауға алу қажет,

деді президенттің іс басқарушысы Айбек Дәдебаев.
Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago