Categories: Қоғам

Елімізде вейп сататын 6 мыңнан астам сауда нүктесі бар

Вейп пен электронды темекінің ұлт саулығына келтіретін залалы кәдімгі темекіден асып түспесе, кем емес. Сондықтан оған болашақ ұрпақтың денсаулығы үшін заңнамалық шаралармен қарсы тұратын уақыт жетті.

Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев вейп және түрлі электронды темекілерді ұлт саулығына қауіп төндіретін кесел деп атап өтті. Ол электронды темекінің бәріне қолжетімді және оның зиянсыздығы туралы түрлі жарнаманың көбейіп кеткеніне алаңдаушылық білдірді. Мемлекет басшысы осы қауіпті үрдіспен күресу үшін жүйелі және шұғыл шаралар қабылдау қажет екенін айтты.

Осыған байланысты Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту министрліктерінің, прокуратураның, «Атамекен» ҰКП және басқа да мекемелердің өкілдері жиналды.

Өкінішке қарай, бүгінде жастар түрлі жаман әдетке бой алдыруға бейім. Нашақорлық, ойын құмарлық, буллинг және кибербуллингпен қатар вейпинг те үлкен проблемаға айналды.

Қазақстан тұтынушылар лигасының ақпараты бойынша, Астана мен Алматыда соңғы 6 айда вейп сатылымы 372%-ға өсті. Елімізде вейп сататын 6 мыңнан астам сауда нүктесі бар.

Оларға толықтай тыйым салуды Мәжіліс депутаттары мен еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері қолдады.

Жаңа тренд пайда болды. 4-ші буын вейптері тыныс алу жолдарына зақым келтіреді. Зерттеулер бұл өнімнің жоғары уыттылығын көрсетті. Мұндай тұтыну деңгейі никотинге тәуелді азаматтардың жаңа буынының пайда болуына әкелуі мүмкін,

деп атап өтті Вячеслав Дудник.

Қазақстанда 2018 жылы жүргізілген зерттеудің нәтижесіне сәйкес, 15 жастағы ұлдардың 14%-ы және қыздардың 6%-ы вейп шегіп көрген. Бұл зерттеуді 2022 жылы қайталаған кезде вейпті тұтыну көрсеткіші 3,6%-ға күрт өскені анықталды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago