Елімізде жұмыссыз әйелдер көбейген

Жұмыссыз жастардың ең көбі Алматыда тұрады. Биылғы үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша Қазақстанда жұмыссыз жүрген 72,2 мың жас бар.

Finprom.kz зертетуінше, бүгінде жұмыссыз ерлер саны 28,1%-ға азайып, 25,4 мың адам болған. Ал жұмыссыз жүрген әйелдер, керісінше, 10,9%-ға өсіп, 46,8 мың адамға жеткен.

Сонымен қатар жұмыссыз жастардың саны үшінші жыл қатарынан азайып келеді.

Жұмыссыздардың басым бөлігі Алматыда тұрады – барлығы 12,5 мың адам. Сондай-ақ Астана қаласы (7,8 мың адам) мен Түркістан облысы (6,7 мың адам) да жұмыссыздар қатары көп өңірлер тізімінің үштігіне еніп тұр.

Ал жұмыссыз жастары ең аз өңір Ұлытау облысы (665 адам) болып отыр. Одан кейінгі орында Атырау облысы (1,4 мың адам) мен Солтүстік Қазақстан облысы (1,5 мың адам) орналасқан.

Осы жылдың үшінші тоқсанындағы жұмыссыздардың басым бөлігі бір айдан үш айға дейін жұмыс іздеген – 20,9 мың адам.

29 жасқа дейінгі азаматтардың ішінде бір айдан аз уақыттан бері жұмыс іздеп жүргендер саны 16,4 мыңға жеткен.

Жұмыссыз жастардың 18,5 мыңға жуығы үш айдан алты айға дейін, 7,5 мың адам алты айдан бір жылға дейін, 8,8 мың адам бір жылдан астам жұмыс іздеп жүр,

делінген зерттеуде.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago