Білім

Елімізде жалғыз оқушы үшін жұмыс істеп тұрған мектеп бар

Атырау облысының Кенбай ауылындағы мектеп жалғыз оқушыға бола жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Үшінші сыныпқа баратын бір балаға бес мұғалім сабақ береді екен. Жалғыз оқушысы бар мекемеде одан бөлек 15 маман қызмет етуде.

Осынша жыл санаулы балаға сабақ беріп келген мектепті биыл жабамыз депті. Бірақ тұрғындар мектеп жабылса, ауыл құриды деп қорқып отыр.

Күйеуімнің жалғыз жалақысымен кәмелетке толмаған төрт баламен қалада тұра алмаймын. Сол үшін осы жерде тұрып жатырмын. Мен ауылым деп шырылдап отырмын. Сол үшін мектепті жаппауын талап етемін. Бала жоқ, бала жоқ дейді. Бер жағында өсіп келе жатқан 10 шақты бала бар. Мектеп жоғалып кетсе, біздің ауыл құриды,

дейді ауыл тұрғыны Айсара Әбезбаева.

Бүтін бір ауылды асырап отырған мектепті жаппауды сұраған кенбайлықтар, жергілікті билік елдімекенге көңіл бөлуі керек дейді. Өсіп келе жатқан өзге балаларды қалаға қаңғыта алмаймыз деп отыр. Сондай-ақ шенеуніктер бұл мектептің жөндеу жұмысына осыдан үш жыл бұрын 30 миллион теңге жұмсапты.

Оған қоса ауылға газ құбырын жүргізуге 2 млрд теңге тағы бөлінген. Қарайған қаржы жұмсалып жатқан елдімекен тұрғындары тентіреп кетуден қорқады. Ал білім басқармасы бір бала үшін бір мекеме ұстап отыру тиімсіз дейді.

Қаржы жағынан алып қарағанда, бір балаға бірнеше қызметкер ұстап, бір мектепті ұстап тұру қиын. Халықтың ұсыныспікірін ескеріп әрі қарай мәселені дұрыс шешуге талап қойғалы отырмыз,

дейді Атырау облысы білім беру басқармасы басшысының орынбасары Орынтай Биманова.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago