Еліміздегі бензин мен дизель қоры 2 аптаға жетеді

Үкімет отырысында Қазақстандағы бензин мен дизель отыны жайы туралы хабарланды.

22 тамыздағы жағдай бойынша, мұнай базаларындағы және жолдағы АИ-92 маркалы бензинінің жалпы қоры — 180 мың тонна. Бұл 14 күнге жетеді. Дизель отыны қоры — 220,8 мың тонна, бұл 13 күнге жетеді. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді.

Мұнай өңдеу зауыттарындағы қорлар: АИ-92 — 71 мың тонна; дизель отыны — 53,4 мың тонна. АИ-92 бензиніне қатысты жағдай тұрақты, жанар-жағармай құю станциясы желілерінде шектеу жоқ,

деді министр.

Ал дизель отынына шектеулер енгізілді. Дизельді талон мен карталар арқылы жеткізу, лимит қою басталды. Зауыттар жанар-жағармайды жеткілікті көлемде өндіреді. Зауыттағы қор 50 мың тонна екеніне қарамастан, зауыттан мұнай өнімдері тұрақсыз жеткізіліп жатыр. Бос вагон-цистерналар жеткілікті мөлшерде келмейді, вагондарды жеткізу мерзімі ұзарған.

Осыған орай, Премьер-министр Әлихан Смайылов бағаны бақылау және жанармай тапшылығын болдырмау жөніндегі комиссия құруды тапсырды. Ол премьер-министрдің орынбасары Роман Склярға бағаны бақылау және жанар-жағармай тапшылығын болдырмау жөніндегі тұрақты комисся құрып, оған өзі жетекші болуды таспырды.

Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау агенттігі және әкімдіктермен бірлесіп бағаны негізсіз көтерген жағдайда тиісті шара қабылдауды қамтамасыз етсін,

деді Әлихан Смайылов.

Премьер-министр Индустрия министрлігі, «ҚазМұнайГаз» және ҚТЖ-ға мұнай өңдеу зауыттарынан мұнай өнімдерін уақтылы жөнелту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago