Categories: Білім

Еліміздегі жекешелендірілген оқу орындарының заңдылығы тексеріледі

Премьер-министр Әлихан Смайылов экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді. 

Премьер-министр мен отырысқа қатысушылар бұрын жеке меншікке берілген жоғары білім саласындағы кейбір активтерді мемлекеттік меншікке қайтару мәселесін талқылады.

Смайылов уәкілетті мемлекеттік органдарға шарттар жасасудың заңдылығына құқықтық баға беруді тапсырды.

Бұл ретте ол аталған мекемелерде оқу процесінің толық тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды, өйткені бастамашылық жасалған тексеру студенттерге немесе жоғары оқу орындарының қызметкерлеріне қатысты емес.

Отырыста Қарағанды облысының 30-ға жуық елді мекенін электрмен қамтамасыз ететін жеке энергетикалық компанияның қызметі қаралды.

Кәсіпорынға тиесілі электр желілерінің жоғары тозуы тіркелгені атап өтілді. Бұл ретте жөндеу жұмыстары жүргізілмеген және авариялық бригадалар жетіспейді. 

Отырыс барысында теміржол көлігі саласында бірқатар монополияға қарсы шараларды іске асыру мәселесі де қаралды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago