Categories: Маңызды

Еліміздің 13 облысында су тасқыны қаупі жоғары

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ғалидолла Азидуллин су тасқыны қаупі жоғары облыстар туралы айтты.

Алдын ала болжамға сәйкес, наурыз айында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормаға жақын болады. Батыс өңірлерде 1°С нормадан жоғары, ал елдің солтүстік-шығыс, орталығында және оңтүстік аймақтардың солтүстігінде 1°С нормадан төмен. Наурыз айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормадан төмен, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, Ақмола, Павлодар, Абай облысының басым бөлігінде, Қостанай облысының солтүстік-шығысында, Алматы облысының оңтүстік-шығысында, Жетісу аумақтарында нормаға жуық болжанады,

деді вице-министр орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қардағы су қорының мөлшерін, топырақтың күзгі ылғалдылығын, топырақтың қату тереңдігін қарастыра отырып, су тасқыны қауіпті аймақтарға алдын-ала баға берілді.

Жоғары қауіп: Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Абай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан облыстары. Орташа қауіп: Павлодар, Ұлытау, Маңғыстау және Қызылорда облыстары,

деді Ғалидолла Азидуллин.
Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

4 дня ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago