Categories: Қоғам

Еліміздің 6 өңірінде жезөкше, притон ұстағандар балаларға сабақ берген

Мұндай бассыздықты естіп пе едіңіз?

Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінде «Artsport» бағдарламасын талқылау кезінде депутат Нартай Аралбайұлы үйірмелерде жезөкшелердің сабақ бергенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазақта «Елдің Ыбырайы Ыбырай, біздің Ыбырай сұмырай» деген сөз бар.

Біздің мемлекеттік органдар бір нәрсе жасаса, неге соның кемшілігін, салдарын көріп қана күресуге тура келеді?! Неге әу бастан дұрыстап жұмыс істемейді?» деген өзекті сауал туындайды. Өйткені, деректер келтіріліп жатыр. Қасқырға қой бақтырғанмен бірдей ғой,

деді Нартай Аралбайұлы.
Нартай Аралбайұлы

Өйткені еліміздің 6 өңірінде бұрын жыныстық, жезөкшелік және притондарды ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапқа тартылғандар балаларды оқытқан. Мұндай 20 дерек тіркелді.

Бұрынғы жезөкшеге, бұрынғы притон ұйымдастырған адамға қалай балаларымызды сеніп тапсырып отырмыз?

Құзырлы органдар қайда қараған? Қазір сол балалармен психологтар жұмыс істеді ме? Баламызға үйірмеде сабақ берген адам бұрын жезөкше, қылмыскер болған екенін қалай түсіндіреміз?

Artsport балаларға, жасөспірімдерге жәрдемдесуге, оларды үйірмемен қамтуға жұмыс істеуі керек деген принципке сай емес.

Бас прокуратураның өкілі Дулат Әшірбеков депутат келтірген деректерге қатысты тексеріс жүргізілгенін атап өтті. Оның нәтижесі бойынша Қазақстанда 38 қадағалау актісі енгізіліп, 43 лауазымды тұлға жауапқа тартылған.

Қылмыс болған 6 өңірге Алматы, Шымкент, БҚО, ШҚО, Қарағанды мен Маңғыстау облыстары жатады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago