Categories: Қоғам

Елордалық азамат досының 4 айлық қызына бауырын берді

Бекарыстан Аманжолов өзінің досы Уәлиханның 4 айлық қызына донор болып, сәбидің өмірін аман алып қалуға себепкер болды, деп жазады Тurkystan.kz.

Кішкентай Әсияға дәрігерлер «бауыр церрозы» деген диагноз қойған. Бірнеше ай бойы дертпен барынша күрескенімен, күн өткен сайын оның жағдайы тек нашарлай берді. Артынша емге 40 млн теңге қажет екені анықталып, арнайы қор ашылды. Көптің көмегімен бүлдіршінді емдету үшін ата-анасы Әсияны алып Түркияға аттанды. Сол жақта дәрігерлер бауыр трансплантациясын жасауға шешім қабылдап, донор іздестіре бастаған. Сол кезде Әсияның әкесі Уәлиханның досы Бекарыстан Аманжолов өз еркімен донор болуға келісім берген. Бұл екінің бірінің қолынан келе бермейтін ерлік әрі өте үлкен жауапкершілік. Себебі, бауыр трансплантациясы хирургиядағы ең ауыр ота саналады. Сондықтан да өз басын бәйгеге тігіп, досының басына түскен қиын жағдайда жанынан табылып, қолұшын созған Бекарыстанның бұл әрекеті – нағыз ерлік.

Әсияның әкесі Уәлихан мен Бекарыстан студенттік шақта дебат ойнап жүріп танысқан. Сол кезден бері жақсы араласып, бүгінде отбасылық достарға айналған.

Әрине, мұндай шешімді қабылдау оңай болмағаны анық. Бірақ түрлі қауіп-қатерге қарамастан Бекарыстан досына және оның отбасына көмектесуге бел байлады. Осылайша, бірнеше тексеруден өтіп,  Әсияға донор бола алатыны анықталды.

Мұндай жауапкершілік арқалаймын деп ойламадым. Ернар досым айтпақшы, үш ұйықтап тұрып, қайта үш ұйықтасам да бір сәбидің өмірін сақтап қалуға тамшыдай үлесім боларын елестете алмадым.

Енді ұғып жатырмын. Әрине, өз еркіңмен пышақ астына түсу оңай емес екен. Алайда шешінген судан тайынбас,

деп жазды Бекарыстан Аманжолов Instagram парақшасында.

8 сәуір күні жасалған трансплантациялық ота сәтті өтті. Бүгінде донор болған Бекарыстан аяққа тұрып, өз-өзіне келіп жатыр. Ал 4 айлық Әсияның жағдайы әлі де дәрігерлердің бақылауында.

Бекарыстан досына қолұшын созу үшін өз басын бәйгеге тігіп, ерлік жасады. Бұл жағдайдан кейін олардың достығы одан да күшейе түсері хақ. Себебі, мұндай қадамға кез келген дос бара бермейді. Бекарыстан өз отбасы бола тұра, досының қызы үшін еш ойланбастан көмекке келді. Сондықтан да ол – бүгінгі күннің батыры деген атқа лайық азаматтардың бірі.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago