Елорданың бұрынғы атауы жазылған құжаттар жарамды болады ма?

Бүгін Нұр-Сұлтанда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Депутаттар елорда атауын өзгерту, сондай-ақ бір реттік президенттік мерзімге қатысты нормаларды қарастырды.

Бірінші оқылымда Парламент бір реттік президенттік және елорда атауын өзгерту туралы түзетулерді мақұлдады. Екінші оқылымда депутаттар Конституцияға енгізілген түзетулер үшін дауыр берді.

Әрине, екі Палатаның депутаттары бірауыздан «иә»деп дауыс берді.

Түзетулер үш бағытты қамтиды:

  • Енді президент қайта сайлау құқығынсыз тек 7 жылға сайлана алады. Бұл ереже өзгермейді.
  • Конституциялық Сот судьяларының өкілеттік мерзімін 8 жылға дейін ұзарту. Бұл судьялардың тәуелсіздігі үшін қажет. Олардың қызмет уақыты оларды тағайындаған адамнан ұзақ болуы қажет. Ал төрешілерді тағайынтайтын президент.
  • Нұр-Сұлтан қаласының атауы Астана болып өзгереді.

Әрине, ұсынылған түзетулерді барлығы бірден қолдайтынына күмән болған жоқ. Ал Қазыбек Иса бізде 30 жылдың ішінде басқа таңдау болмағанын айтып, осы уақытта елді екі-ақ президент басқарғанын айтып қалды.

Осы біз президенттікке ешқандай мерзімсіз көп сайланудан аузымыз күйген ел емеспіз бе? Отыз жылда еліміз екінші президентке зорға жетіп отырған жоқ па? Өзіміз екінші президентті көре алмай кетеміз бе деп едік, құдайға шүкір көрдік

Кешегі күнге дейін сұрайтындарың осы еді. Мәжіліс пен президент сайлауын күтіп жүрдіңдер. Міне, президент қоғамның сұранысын орындады. Екі сайлаудың да уақытын жариялады. Енді келіп не үшін жасап отырсыңдар дейсіңдер. Саясатта кез келген өзгерістерге дайын болу керек,

деді мәжіліс депутаты.

Енді жаңа норма енгізіледі. Мемлекеттік қызметкердің сөзімен айтқанда бізде екі президент 30 жылда емес, 14 жылда болады.

Құжат президенттің қол қоюына жіберілді. Бұл құжат 5 бапқа өзгерістер енгізуді, 1 баппен толықтыруды көздейді.

Халықты алаңдатар тұсы да бар болып шықты. 2019 жылдан берілген құжаттарда «Нұр-Сұлтан» атауы көрсетілген. Бұл қиындықтар тудырмайды ма деген көпшіліктің сұрағы. Ал Әділет министрілігі азаматтардың құжаттарымен ешқандай мәселе туындамайтынына сендіріп отыр. Сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік мекемесінің филиалдары мен мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтерді көрсетуде оларды бұрынғыдай қабылдай беретінін жеткізді.

Елорданың бұрынғы атауы жазылған құжаттар жарамды болып қала береді. Сондықтан құжаттарды ауыстыруға жүгірудің қажеті жоқ. Астананың бұрынғы атауымен де барлық мемлекеттік мекемелерде қызмет көрсетіле береді. Ел тұрғындарына әсері болмайды,

деді Қанат Мусин

Сондай-ақ көше атауларын, маңдайша белгілерді шұғыл өзгертудің асығыстығы жоқ. Министр бұл үдерістердің барлығы жоспарланған бюджет қаражатына қарай жоспарлы түрде жүзеге асатынын мәлімдеді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago