Елжан Біртанов соттағы соңғы сөзін айтты

Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртанов пен оның орынбасары Олжас Әбішевтің ісіне қытысты сот тергеуі аяқталды.

Аталған процесс «Zoom» платформасында онлайн режимде өтті. Онда алғаш болып сөз алған экс-денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев өзіне тағылған айыптардың дәйексіз екенін алға тартып, толық ақтауды сұрады.

Құрметті сот және аталған процеске қатысушылар! Мен бұрын айтқанымдай, өзімді кінәлімін деп есептемеймін. Мені ата-анам әрқашан заңға бағынуға үйретті. Бұл менің отабысымның негізгі тәрбие өзегі болды.

Тергеу барысында барлық сұрақтарға нақты әрі анық жауап бере білдім. Маған тағылған айыптар ойдан шығарылған, дәлелсіз және олар Қаржылық мониторинг агенттігінің қиялынан туған. Біздің прокурорлар да шындыққа келгенде соқыр, саңырау. Айыптаушы жақтың ІТ технологиялардан хабары жоқ. Прокуратура іс қозғалып отырған электронды платформаның қалай жұмыс істейтінін де білмейді.

Мен өзімнің кінәлі емес екенімді дәлелдеу үшін соңына дейін барамын және мені толық ақтауды сұраймын,

деді Олжас Әбішев.

Келесі болып қорытынды сөз сөйлеген Денсаулық сақтау министрлігінің экс-басшысы Елжан Біртанов бұған дейінгі сот отырыстарында өзінің кінәсіздігін айғақтайтын нақты дәлелдер ұсынғанын атап өтті.

Біздің жалғыз қылмысымыз – жақсы мемлекеттік қызметкер болуға талпынған ниетіміз деп білемін.

Электронды платформаның бар екені, ақшаның қайда жұмсалғаны анық. Жағдайдың қалай өрбігені де баршаға айқын. Санитарлық авиация бойынша да солай. Мен ойымша, жеткілікті дәлелдер келтірдім және бұл істе мен ешқандай жеке бастың пайдасын көздемедім.

Құрметті сот, кеңесу бөлмесінде сіз біздің тарап ұсынған барлық дәлелдерді саралап, мемлекеттік айыптаушы тарап таққан заңсыз дәйектерді объективті түрде бағалап, мені және Олжас Әбішевті кінәсіз деп танисыз деп үміттенемін. Біз қылмыскер емеспіз, заңды бұзған жоқпыз,

деп түйіндеді Елжан Біртанов.

Судьяның айтуынша, сот үкімі шығатын уақыт алдын ала белгіленіп, оған айыпталушылар мен айыптаушы орган тарапынан 8 адам шықырылады. Ол процесс офлайн режимде өтетін болады.

Еске сала кетейік, экс-министр Елжан Біртановқа ведомство басшысы болған кезде орынбасары Олжас Әбішевпен бірге жалған ақпараттандыру платформасын іске қосу арқылы қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылды.

Осылайша, айыптаушы тарап экс-шенеуніктердің мемлекетке 1,5 млрд теңге көлемінде шығын келтіргенін мәлімдеген болатын.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago