Енді Қазақстанда ең төменгі жалақы жаңаша есептеледі

Енді ең төменгі жалақы мөлшері (ЕТЖ) медианалық жалақы мен еңбек өнімділігіне қарай айқындалады, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Мүдделі мемлекеттік органдар әдістеме жобасын келіскен. Қазіргі уақытта Еңбек кодексіне енгізілетін түзетулер келісу үшін президент әкімшілігіне жіберілді, мақұлданғаннан кейін заңнамаға тиісті өзгерістерді іске асыру басталады.

Қазақстанда ең төменгі жалақы ең төменгі әлеуметтік стандарттарға жатады және жыл сайын «Республикалық бюджет туралы» заңмен белгіленеді. Ең төменгі жалақы қосымша төлемдер мен жәрдемақыларды, өтемақы мен әлеуметтік төлемдерді, сыйлықақыларды және басқа ынталандырушы төлемдерді қамтымайды.

Елімізде 2008 жылдан 2018 жылға дейін ең төменгі жалақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінде белгіленді және жыл сайын инфляция деңгейіне индекстелді. 2019 жылы ең төменгі жалақыны 1,5 есе – 28 284 теңгеден 42 500 теңгеге дейін көтерді. Ал биыл оның мөлшері 70 мың теңгеге дейін ұлғайтылды.

«Халықаралық тәжірибені, сондай-ақ ел экономикасының ерекшеліктерін ескеріп, министрлік Дүниежүзілік банктің сарапшыларымен бірлесіп, медианалық жалақы мен еңбек өнімділігінің арақатынасын ескеретін ең төменгі жалақыны анықтау әдістемесінің жобасын әзірледі. Бұл жұмысшылардың табысы мен өндірілетін тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі арасында нақты өзара байланыс орнатуға, сондай-ақ ЕТЖ мөлшерін Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымына жақындатуға мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.

ЕТЖ мөлшерін анықтау үшін медианалық жалақы мен еңбек өнімділігін пайдалану жеткіліктілік пен төлем қабілеттілігі негізінде теңгерімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Әлем елдерінде ең төменгі жалақы қалай есептеледі

Халықаралық тәжірибеде ЕТЖ мөлшерін анықтаудың неғұрлым кең таралған үш тәсілі бар:

  • бірыңғай ұлттық ЕТЖ (Франция, Германия, Испания);
  • өңірлер, салалар және кәсіпорындар бойынша ЕТЖ-ның сараланған мөлшері; (Финляндия, Жапония, Бельгия);
  • әр түрлі санаттағы қызметкерлерге арналған ЕТЖ (Ұлыбритания, Дания).

Министрліктің ақпаратынша, бүгінгі таңда ЕТЖ Халықаралық еңбек ұйымына мүше елдердің 90%-дан астамында бар, ол оның мөлшерінің барабарлығын бағалау үшін Кейц индексін (ЕТЖ-ның медианалық жалақыға қатынасы) пайдалануды ұсынады. Кейц индексі 50% деңгейінде болуы керек. Бұл ретте әлемнің дамыған елдерінде ол шамамен 55%-ды, ал дамушы елдерде шамамен 67%-ды құрайды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago