Қоғам

Енді қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев орталық коммуникациялар қызметі алаңында қазақстандықтардың енді Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істей алатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Комитет төрағасының айтуынша, еліміз қазір Оңтүстік Кореяның жұмыспен қамту жүйесіне қосылып жатыр.

Біз бірінші сауалнама толтырдық. Сауалнамада азаматтарымыздың Оңтүстік Кореяға қалай бара алатынының алгоритмі талқыланады. Бір сөзбен айтқанда, қазақстандықтарды Оңтүстік Кореяға сапарға дайындайтын арнайы оқу орындары бөлінетін болады. Олар кем дегенде сөйлесе алуы үшін корей тілін қарапайым деңгейде білуі керек.

Екіншіден, оларда медициналық тексеріс үлкен маңызға ие. Бұл елде медициналық анықтамалар болуы керек деген талап бар. Үшіншіден, жұмыс істеуге аттанбақшы адаммен нақты келісімдер болады. Жұмысшы еңбек шартына қол қояды. Оның құқығы қалай болады, осы азаматты жіберетін жұмыспен қамту орталығының міндеттері қандай болмақ талқыланады,

деді Асқарбек Ертаев.

Мемлекеттік мекеме Түркия, БАӘ және Ұлыбританиямен де келісімге қол қойды. Онда жұмыс істеуге келген қазақстандықтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын сақтау бойынша Германия, Израиль және Катарда да сақталады .

Жыл басынан бері 194 мың қазақстандық кетті. Оның ішінде 162 мыңға жуық адам Ресейге, 13 мыңы Польшаға, 6 мыңы Оңтүстік Кореяға, 5 мыңы Ұлыбританияға жұмыс істеуге кетті,

деді ол.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago