Енді ҰБТ-да дұрыс жауапты табу жеңілдейді

Жыл сайын Ұлттық тестілеу ортылығы ҰБТ сұрақтарына өзгеріс енгізіп отырады. Енді ҰБТ-да дұрыс жауапты табу жеңілдейді. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы басшысы Руслан Емелбаев мәлімдеді.

Руслан Емелбаев түлектердің және эксперттердің пікірін ескере отырып қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы пәндері бойынша өзгеріс еніп, дұрыс жауап саны азаятынын айтты.

Келесі ҰБТ-дан бастап талапкерлердің білімін терең бағалау мақсатында қазақстан тарихы пәнінің бір нұсқасында 20 тест тапсырмасы (20 балл) болады: 1-ден 10-ға дейін – бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары, 11-ден 20-ға дейін – контекстке негізделген тапсырмалар (5 сұрақтан 2 контекстік мәтін). Ал оқу сауаттылығы тест тапсырмаларының саны мен формасы да өзгеріске ұшырайды. Енді талапкерлерге 3 мәтін бойынша 15 тест сұрағы (15 балл) беріледі,

деп жазды ол Instagram-парақшасында.

Орталық басшысы ҰБТ тапсырмаларының құрылымы да өзгергенін айтты. Нәтижесінде мынадай шешім қабылданды:

  • бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында нұсқалар саны 5-тен 4-ке дейін;
  • бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында (үш дұрыс жауаптан көп емес) нұсқалар саны 8-ден 6-ға дейін азайтылады.

Руслан Емелбаев бұл шешім талапкерлерді бағалаудың объективтілігін арттырады, нақты статистикалық талдау жүргізуге мүмкіндік береді деп сенеді.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago