Categories: Білім

Енді мектепке кіріп-шығушыларға бақылау күшейеді

Еліміздің барлық мектебінде балалар қауіпсіздігі бойынша тексеру жүргізіледі. Әзірше, білім беру нысандарына кіріп-шыққандарға бақылау күшейтіледі. Петропавлдағы №4 мектепте оқушының шабуылына байланысты өткізілген шұғыл кеңесте осындай нұсқаулық берілді.

Білім министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова аталған факті бойынша тексерудің алдын ала қорытындысын жариялады.

Бүгінде бұл білім беру ұйымында нұсқаулықтың толық сақталмауы, лицензияланған күзеттің, турникеттердің болмауы, мектептің ішкі ережелеріне сәйкес есіктен кіріп-шығару тәртіптерінің сақталмауы, жауапты қызметкерлердің білім беру ұйымына енгізуге тыйым салынған заттарды анықтау бойынша жеткілікті деңгейде жұмыс жасамағаны анықталып отыр. Сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары арасындағы өзара байланыс болмаған,

деді Насымжан Оспанова.

Оның айтуынша, келесі аптадан бастап бір ай ішінде бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдердің, ата-аналардың, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті ұйымдастыру мәселесі бойынша бүкіл елімізде тексеру жүргізілетін болады.

Білім министрі Ғани Бейсембаев оның қашан өткізілетінін де атап өтті. Оның айтуынша, тексерулер 20 ақпан мен 17 наурыз аралығында өтеді. Жүргізілген жұмыстың қорытындысы 20 наурызға дейін жариялануы тиіс.

Жергілікті атқарушы органдарға, білім беру ұйымдарында турникеттермен, дабыл түймесімен, лицензияланған күзетпен, бейнекамералармен толық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдансын. Білім беру объектілерінің кіру тобына бақылау күшейтілсін .Орта білім комитетіне оқушылар үшін арнайы қауіпсіздік сабақтарының циклін әзірлесін. Жергілікті өңірде полиция департаменттері ТЖД-мен бірлесіп осы сабақтарды ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын,

деп тапсырды білім министрі.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago