Енді қазақстандықтар мемлекеттік бағдарламалар бойынша сатып алу құқығынсыз жалға алынған тұрғын үйлерді сатып ала алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үкімет тиісті заң жобасы бойынша оң қорытынды шығарды.
Үкімет «сатып алу құқығынсыз» деген ұғымды жойып, тұрғындарға жалға берілетін тұрғын үйді сатып алуға мүмкіндік берді. Бірақ жекешелендірудің өзіндік шарттары бар.
Қалдық құны бойынша және нарықтық құн бойынша сату нұсқалары қарастырылды. Әлбетте, ол нарықтық баға бойынша болмайды. Қалдық құны бойынша болады. Қазір жекешелендіру түрлері қарастырылуда. Заң қабылданбайынша мен нақты түсініктеме бере алмаймын, бірақ жекешелендіру болады,
деді Астана қалалық тұрғын үй басқармасы және тұрғын үй инспекциясының басшысы Әнуар Саипов.
Оның айтуынша, қазір Астанада халықтың әлеуметтік осал топтары үшін сатып алу құқығынсыз 5 мыңға жуық жалдамалы пәтер бар.
14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…
Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…
Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…
Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…