Categories: Қоғам

Туды қорламаңыз! Айыппұл өсті

Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов министрліктің кеңейтілген алқа отырысында мемлекеттік рәміздерді қорлағандарды жауапқа тарту қатаңдатылғанын айтты. Айыппұл көлемі 3 000 АЕК.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қылмыстық кодекстің «Мемлекеттік рәміздерді қорлау» туралы 372-бабына өзгерістер енгізілді. Өзгерістер нәтижесінде рәміздерді қорлау дерегі үшін айыппұл көлемі 3 000 АЕК-ке (1 АЕК – 2023 жылы 3 450 теңге) ұлғайтылды және қоғамдық жұмыстарға тартудың ең ұзақ мерзімі 600-ден 900 сағатқа дейін көбейтілді,

деп айтты Дәуешов.

2023 жылдан бастап 1 АЕК 3 450 теңге, демек 3 000 АЕК 10 350 000 теңге болады.

2022 жылы Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын атап өттік. Елімізде атаулы мерекеге орай 500 мыңнан астам түрлі іс-шара ұйымдастырылды. Мемлекет басшысының қолдауымен 2022 жылы 4 маусымда республика бойынша сағат 10:00-де Мемлекеттік Әнұран орындалды, Мемлекет басшысының қатысуымен ең биік Туды көтеру іс-шарасы өтті.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр 25 мамырда Алматыда «Ирина Кайратовна» мен Shiza концертінде топ мүшелері туға құрмет көрсетпей, сахнада балағат сөздер айтқан болатын.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago