Енді шетел көліктерін кедендік тазартудан соң мінуге болады

Енді Грузия мен Әзербайжан сияқты Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген көлікті кедендік тазартудан соң ғана мінуге болады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Кейінгі кезде шетел азаматтарының Қазақстанға автомобильдерді уақытша кіргізетін жағдай көбейген. Көлік алып кіретіндер — негізінен Грузия мен Әзербайжан азаматтары. Мұндай көлік құралдары кейін біздің ел азаматтары «иелігіне» беріледі.

Ескеретін жайт, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына үшінші елдерден уақытша әкелінген көлік құралдары шетел тауарлары саналады және кеден бақылауында болады (үшінші елдер  — ЕАЭО құрамына кірмейтін елдер),

делінген хабарламада.

Осыған орай, Мемлекеттік кірістер комитеті уақытша әкелінген көлік құралдарын кеден алым-салығын төлеген соң барып Қазақстан аумағында мінуге және сатып алуға болатынын ескертті.

Шетел азаматтары жеке пайдалануға арналған шетел көлік құралдарын әкелгеннен кейін Қазақстан аумағынан кетіп қалатыны байқалып жатыр. Демек автокөлік ЕАЭО аумағына Қазақстан азаматына беру мақсатында әкелінген деп пайымдауға болады.

Автокөліктің уақытша әкелу мерзімі аяқталғаннан кейін (1 жыл) көлік ЕАЭО аумағынан шығып кетуі қажет. Шығып кетпесе, ЕАЭО-ның қолданыстағы заңнамасы бойынша шаралар қолданылады,

делінген комитет хабарламасында.

Комитет полиция департаменттерімен бірлесе отырып рейд жүргізді. Қолданыстағы заңнама бойынша ондай көліктер ұсталады.

Қазіргі таңда 116 автокөлік құралы ұсталып, уақытша сақтау қоймаларына қойылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр,

делінген хабарламада.

Осыған орай, Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтардан жеке пайдалануға арналған автокөлікті сатып алғанда ел заңнамасын сақтауды сұрайды.

 Сатып алғалы жатқан автокөлігіңіздің шығу тегі немесе заңды екені күдік туғызатын болса, Қазақстанда кедендік тазартудан өткені және кедендік алымдар мен салықтар төленгені туралы ақпаратты мемлекеттік кірістер органдарынан білуге болады,

делінген комитет хабарламасында.

Бұл үшін 87172 71 77 24 байланыс нөмірі арқылы комитетке немесе тұрғылықты жердегі Мемлекеттік кірістер департаментіне, болмаса ҚР ҚМ МКК Байланыс орталығына хабарласуға болады.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago