Categories: Қоғам

Ене мен келін бірге тұра ала ма? Психоаналитик жауап берді

Енемен бірге тұру мүмкін бе? Ене мен келін кикілжіңінде кім төреші болуы керек? Кикілжіңді болдырмаудың жолы қандай? Бұл сауалдарға психоаналитик Анна Құдиярова «Таңғы шай» бағдарламасында жауап берді.

Анна Құдиярованың айтуынша, психологиялық мәдениетін көтермесе, ене де, келін де баяғы «көкпеңбек көк әйелдер» боп жүре береді. Маман тым құрығанда ене мен келін психоанализ әліппесін түсінуі керек дейді.

Мысалы, енелер не түсінуі керек? Сіз ұлыңызды керемет жақсы көресіз, оған 99 ләззаттың бәрін бересіз. Бір ғана ләззат бере алмайсыз, ол — төсек ләззаты. Келін осы ләззатты бере алады. Олай болса, сіз берген 99 ләззатты төмен түсіріп жібереді. Сонда аналар «мен сол ләззатты жаба алмайды екем, онда аузымды жабуым керек» дегенді түсінуі керек,

дейді Анна Құдиярова.

Психоаналитик келіндерге де қатысты жайтты айтты.

Келін «мен физиология тұрғысынан ұтып тұрмын, бірақ мен жақсы көрген жігітті дайындаған мынау ғой (енесі — ред.). Олай болса, 99 рахатты сіз бере беріңіз, мен бір-ақ ләззатты берейін» деп ойласын,

дейді маман.
Анна Құдиярова. Фото: Instagram.com/psychoanalyst_anna_khanym

Оның айтуынша, осы түсінік ене мен келінге барғанда, ендігі тек «қызыл шайдың» әңгімесі қалады. Қызыл шайды жақсылап құйса, ене де риза, келін де риза.

Психологтың айтуынша, келін де, ене де жігітті жақсы көреді, жігіт осы екеуін жақсы көреді. Алайда ене мен келін бірін-бірі бірден жақсы көре алмайды. Табиғи жағынан солай. Олардың бірін-бірі жақсы көруі — саналы түрде болатын нәрсе.

Екі әйел шұқысқанда еркекті екі жаққа жұлады. Екеуі жігітті шынымен жақсы көріп тұр ма? Шынымен жақсы көрсе, келін бір қадам артқа шегінуі керек. «Бұл анасын жақсы көріп тұр ғой, мен мұны жақсы көріп тұрмын, онда көне салайын», — деуі керек. Анасы да солай: «Мен ұлымды сыйлаймын, оның таңдауы бар екен», — деуге тиіс. Осыны түсінуге екеуінің де ар жағында санасы, білімі жетпей жатыр,

дейді Анна Құдиярова.

Психолог енелердің қатігез болуы отбасылық әлімжеттік екенін де айтады. Саналы ене «менің енем ұрды, соқты, мен де енді келініме соны жасаймын» деп ойламайды. «Мен ұлымды жақсы көрем, сондықтан жаман да болса, мына қызды сыйласам, ертең әжептәуір келін болады» деп шыдауы керек дейді.

Жігіт әйел таңдадарда әке-шешесіне емес, психологтың алдына баруы керек деймін. Абай атамыз қыз таңдарда түбі ақылды, саналы қыз алу керек деген тоқтамға келеді. Мен оған қазіргі заманда психологиялық ақылы бар қызды таңдауы керек деп қосар едім,

дейді маман.

Оның айтуынша, қыздың психологиялық сауаты болса, өз анасына қандай ашу-өкпесі болса, соны қазіргі енесіне бағыттайды. Психолог қыздар тұрмысқа шықпай тұрып өзінің анасына қатысты проблемаларды шешіп алуы керек екенін айтады.

Ал кейде ене мен келіннің қақтығысын тоқтататын ер адам екенін де айтып өтті. Олай болса, жігіттің де психологиялық сауаты болуға тиіс.

Оған қоса, келін мен ененің тайталасы ененің қолы бос болғанынан. Біреудің отбасын билеуге тырысу «отбасылық әлімжеттікке» жатады. Келінді, баласының отбасын аңдымас үшін ененің айналысатын ісі, араласатын басқа ортасы болуы керек.

«Қатын жолда, бала белде» деген ұғым туралы сөз қозғады.

Бұл ұғым жоңғар уағынан бері келе жатыр. Шын мәнінде, бұл ой — ажырасудың психологиясы. Түптің түбінде әркім өз отбасымен қалуы керек,

дейді ол.

Анна Құдиярова екі жас отбасын құрардан 3-4 ай бұрын психологқа барғаны жөн екенін айтты.

Екеуінің одағы мықты болса, қандай ене болса да, қарсы тұра алады. Одақ мықты кезде ене мен келін бірге тұра алады,

деп сөзін түйіндеді психолог.
Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago