Categories: Экономика

Энергетика министрлігі жанар-жағармай бағасына қатысты түсініктеме берді

Энергетика министрлігі 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап бензин мен дизель отынының шекті бөлшек сауда бағасы өзгеретіні туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Министрлктің LS-ке берген ресми ақпаратында жанар-жағармай құю станциялары үшін жеткізілетін мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуге шекті бағаларды шектеу жоспарланғанын айтты. Құжат Ашық НҚА сайтында жарияланып, бүгінде талқылануда.

Бұйрық жобасында оның ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап күшіне енуі немесе бөлшек сауда бағасының қандай да бір өзгеруі көзделмейді,

деп түсіндірді министрлікте.

«Argus Каспий нарығы» деректеріне сәйкес қазіргі уақытта көтерме баға диапазоны: дизель отыны бойынша – тоннасына 222-ден 400 мың теңгеге дейін, бензин бойынша – тоннасына 176-дан 243 мың теңгеге дейін.

Осыған байланысты энергетика министрлігінің мәліметінше, көтерме бағаны реттеу жанармай құю станцияларының отынды қолайлы бағамен сатып алуы үшін жоспарланған болатын. Бұл ретте қосалқы құн салығы есебімен автожанармай құю станциялары үшін мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуге шекті бағалар былай белгіленген:

1) Аи-80 маркалы бензин – тоннасына 93 161 теңге;

2) Аи-92 және Аи -93 маркалы бензин – тоннасына 193 649 теңге (литріне 146 теңге);

3) Дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – тоннасына 236 156 теңге (литріне 198 теңге);

Жоғарыда аталған көтерме бағалар жоғарғы шек болып табылады. Бұл ретте нарықтық жағдайларға байланысты жеткізушілер мұнай өнімдерін төмен бағамен сата алады, бұл бензин мысалында байқалады,

деп қорытындылады энергетика министрлігінде.

Қазіргі уақытта Қазақстанда жанар-жағармайдың (ЖЖМ) бөлшек құнына шектеулер қолданылады: АИ-80 – литріне 89 теңге, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында АИ-92 және Аи-93 маркалы бензиннің бағасы литріне 187 теңгені, Қазақстанның басқа облыстарында литріне 182 теңгені құрайды. Дизель отыны халық үшін литріне 230-260 теңге, елдің резидент кластері үшін литріне 450 теңге тұрады.

Сонымен қатар, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстанда ЖЖМ құнын кезең-кезеңімен арттыру жоспарланып отырғанын хабарлады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago