ЕО Армения мен Әзірбайжан шекарасына бақылаушыларын жібереді

Еуроодақтың 27 елінің сыртқы істер министрлері Армения мен Әзірбайжан шекарасындағы мәселелерді шешу үшін азаматтық миссия туралы келісті. Бұл туралы дүйсенбіде Брюссельде ЕО кеңесінің мәлімдемесінде айтылды, деп хабарлайды ТАСС.

Бүгін кеңес аймақтағы жағдайды бақылау, талдау және есеп беру үшін Әзірбайжан мен Армения шекарасына ЕО-ның 40 сарапшысын жіберу туралы шешім қабылдады.

— делінген хабарламада.

ЕО аймақта азаматтық миссия құру туралы шешім 6 қазанда Прагада Армения, Әзірбайжан, Франция көшбасшылары мен Еуропалық кеңес басшысы арасында өткен кездесуден кейін қабылданған. Бұл шараның мақсаты — аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қалпына келтіруге көмектесу, екі мемлекет арасындағы сенімділікті арттыру және халықаралық шекараны делимитациялау.

ЕО кеңесі миссияны тез арада орындау үшін одақтың Грузиядағы миссиясынан бақылау сарапшылары уақытша жіберілетінін атап өтті.

Бақылау миссиясы уақытша болады және екі айдан аспайды.

— делінген хабарламада.

7 қазанда Прагада Шарль Мишель мен Франция президенті Эммануэль Макронның Әзірбайжан және Армения басшылары Ильхам Әлиев және Никол Пашинянмен кездесуінен кейін Еуропалық кеңес ЕО азаматтық миссиясы қазанда бастап, екі айға созатынын хабарлады. Бұған дейін Әлиев пен Пашинян кейінгі рет 31 тамызда Брюссельде Мишельдің қатысуымен келіссөздер жүргізген. Осы кездесуден кейін екі аптадан кейін екі республиканың шекарасында ауқымды соғыс қимылдары болды.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago