Оқиға

Ер адам бұрынғы әйелінің құлағы мен мұрнын кесіп тастаған

Қырғызстанда 39 жастағы ер адам бұрынғы әйелін аяусыз соққыға жыққан. Бет, мойын және басынан жарақат алған 36 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді. Оның құлағы мен мұрны кесілген. Дәрігерлер жәбірленушіні аман алып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Аталған оқиға қоғамда резонанс тудырды. Бұл туралы 24.kg сайты хабарлайды.

Шу ауданы Селекционный ауылында жантүршігерлік оқиға орын алды. Жәбірленушінің әпкесінің айтуынша, ажырасқаннан кейін ер адам оны бірнеше рет ұрып-соғып, азаптап, зорлаған және өлтіруге әрекеттенген.

Көп жағдайлар болды. Біз бірнеше рет полицияға хабарластық, арыз жаздық, сот-медициналық сарапшыға миллион рет бардық, ұрып-соққан сәтін видеоға түсірдік, бірақ бәрі бекер. Құқық қорғау органдары бізге ол өлтірмейінше іс қозғамайтынын және түрмеге қамай алмайтынын айтты. Сіңлім екі ұлын жалғыз өзі асырап отыр. Бұрынғы күйеуінің полицияға да қол көтерген сәттері болды. Содан кейін оны түрмеге жабу керек еді, бірақ туыстары ақша беріп, соттан аман алып қалды. Осы оқиғадан кейін ол күн сайын әпкемді аңдып, соңына түсе бастады,

деп жазды жәбірленушінің әпкесі әлеуметтік желіде.

Осы оқиғадан кейін қылмыскер ұсталды. 

Аталған жағдайдан кейін парламент отырысында депутаттар тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбын көтерді. Олар Ішкі істер министрінен осы мәселені қолға алуын сұрады.

Неге біздің елде резонанс болған кезде ғана мәселені бақылауға алады? Қылмыскерге заң аясында шара қолдануды талап етемін. Неге мұндай істер әйелдер қиналып өлгенде ғана бақылауға алынады? Мұндай әрекеттер үшін жазаны күшейту керек. Полицейлердің оқиға орнына бірнеше сағаттан кейін келгені дұрыс емес,

деді Нилуфар Әлімжанова.

Төтенше жағдайға қатысты депутат Гүлшарқан Құлтаева да пікір білдірді. Оның айтуынша, әйелге мұндай қатыгездік көрсетуді ақтауға болмайды.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында әйелдер құқық қорғау органдарына жүгінеді. Алайда мәселеге немқұрайлы қараудың салдарынан оның нәтижесін қазір көріп отырмыз. Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы барлық арыздардың көтерілуін және оларға қатысты тиісті шара қолдануын талап етемін. Әйтпесе, біраз уақыт өтіп, әйелдер не мүгедек болып қалады, не өледі,

деді депутат Гүлшарқан Құлтаева.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago