Оқиға

Ер адам өтемақы алу үшін әйелі мен қызын жыланға шаққызып өлтірген

Үндістанда ер адам 800 мың рупий (4 416 000 теңге) өтемақы алу үшін әйелі мен қызын патшалық кобрасының көмегімен өлтіргенін мойындады.

Басанти Патра мен оның екі жасар қызының мәйіті 7 қазанда Одишадағы Адхейгаон ауылындағы үйінен табылды. Екеуін де жылан шағып алғаны анықталды. Себебі сол сәтте бөлмеде бауырымен жорғалаушы да болған. Дәрігерлер зардап шеккендерге көмектесе алмады. Екі тұрғын кобра шабуылынан көз жұмған соң полиция тергеуді жалғастырмаған.

Алайда, көп ұзамай әйелдің әкесі күйеуі Ганешті ақша үшін оны және өз қызын кобрамен өлтірді деп айыптады. Өйткені Үндістанда жылан шабуылынан зардап шеккендердің туыстары бір құрбанға 400 мың рупий көлемінде өтемақы алуға құқылы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тергеуде қаза болған әйелдің әкесі кобраның зардап шеккендерді аяғынан және балтырынан шаққанын көрсеткен. Алайда жылан шабуылдан кейін бөлмеде қалды, бұл жабайы кобраға тән емес. Маман жәбірленушілер шағып алғаннан кейін айқайламағанын, бірақ кобраның уы қатты ауырсынуды тудыратынын атап өтті. Тергеушілер Патра мен оның қызы жылан шабуылынан бұрын қандай да бір тыныштандыратын дәрі қабылдаған деген болжам жасады.

Оқиғадан бір ай өткен соң Ганеш Патра қылмысын мойындады. Ол кобраны 6 қазанда діни рәсім жасаймын деген желеумен сатып алғанын айтты. Содан кейін ол жыланды әйелі мен қызы ұйықтап жатқан бөлмеге жіберіп, ол басқа бөлмеге кетіп қалған.

Қазір полицейлер жылан сатушыдан ер адамның кобраны қандай мақсатпен сатып алғанын білген-білмегенін тексеріп жатыр. Тергеушілер қылмысқа басқа адамдардың да қатысы бар-жоғын анықтауда.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Халықты оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыруға бөлінген ақша ұрланды

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында (азаматтарды оңтүстік аймақтардан…

19 часов ago

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

2 дня ago

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

5 дней ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 недели ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 недели ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 недели ago