Categories: Саясат

Ердоғаннан кейін Түркі одағы не болмақ?

Белгілі қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев Түркиядағы сайлау аясында түркі интеграциясының Қазақстан үшін маңызы мен болашағына талдау жасады.

Сөзбе-сөз:

Еуропадан кейін

«Түркиядағы президенттік сайлаудың нәтижелеріне қарамастан, Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) келешегі бұлыңғыр болуы екіталай. Бұл ұйымның болуы Орталық Азия елдері үшін де, және 90-шы жылдардың соңы мен 2000-шы жылдардың басында сыртқы саясаттағы басымдықтарын Орталық Азиядан ЕО-қа кіруге ауыстырып, қателік жасаған Түркияның өзіне де тиімді.

Осы сыртқы саясаттағы сәтсіздіктен кейін түркі мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты нығайту процессі Ердоғанға дейін түркітілдес елдердің ынтымақтастық Кеңесі форматында басталуы ғажап емес.

Және тек 2021 жылы осы Кеңестің негізінде түркі мемлекеттерінің Ұйымы пайда болды. Ол Украинада соғыс басталғаннан кейін, ең алдымен, Транскаспий халықаралық көлік маршруты (ТХКМ) аясында баламалы көліктік-логистикалық бағыттарды дамытудың өзекті құралы ретінде бұрынғыдан да маңызды бола түсті.

Сондай-ақ, ТХКМ құрамына енуі мүмкін әртүрлі экономикалық аймақтарды құру бойынша ақпарат және тәжірибе алмасу саласындағы мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум бойынша жұмыс жүргізілді.

Сонымен қатар, Самарқандта өткен ТМҰ бірінші саммитінде 2040 жылға дейінгі ынтымақтастық бағдарламасы аясында осы ұйым мүшелерінің саяси, экономикалық және мәдени ынтымақтастығын нығайту жоспарлары туралы айтылды. Ал Түркиядағы президент сайлауынан кейін бұл бағдарламаға қандай да бір өзгерістер енгізілуі екіталай.

Түркі қоры

Бұл сондай-ақ ұйым мемлекеттері және де ТМҰ Даму банкі тең үлестермен енгізетін бастапқы капиталы 500 миллион долларға дейінгі Түркі инвестициялық қорын құру туралы шешімге де қатысты. Бұл шешім 2023 жылы наурызда Түркияда өткен кезектен тыс ТМҰ саммитінде қабылданды.

Айтпақшы, бұл саммит Ердоғанның сайлауалды науқанының бір бөлігі болды, өйткені оған қатысушылар түрік президентіне қолдау көрсетті, бұл олардың түрік оппозициясының коалициясымен қарым-қатынастарын бұза қойған жоқ, себебі олар үшін де ТМҰ халықаралық сахнада Түркияның мәртебесін көтеретін маңызды геосаяси құрал болып табылады.

Түркілердің Қытайға қарсы салмағы

Бірақ ең бастысы, Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігінің негіздерінің бірі тек Ресейге ғана емес, сонымен қатар Қытайға қатысты аймақтағы геосаяси күштердің тепе-теңдігін тұрақты түрде қолдау және сақтау болуы керек. Бұл ретте Қытай да Ресей сияқты географиялық тағдырының аясында империялық амбициялары мен үлкен тартылыс күші бар ірі көрші екенін түсінген жөн. Бұл тартылыстың күшін алдағы аптада Сиань қаласында С+С5 форматында өтетін Орталық Азия мен Қытай мемлекет басшыларының саммиті де дәлелдейді.

Бірақ олардың қуатты геосаяси тартылысын тек геосаяси тежеу, қарсы салмақ және тепе-теңдік жүйесін құру арқылы теңестіруге болады. Ал Мәскеу мен Бейжіңге қатысты мұндай тепе-теңдік түркі мемлекеттері арасындағы тығыз экономикалық және әскери-саяси ынтымақтастық бола алады.

Сонымен бірге, Ыстамбұл декларациясында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын нығайту, егемендік, аумақтық тұтастық пен халықаралық мойындалған шекаралардың мызғымастығын қамтамасыз етудегі қолдау арқылы жүзеге асырылатыны айтылған.

Ішкі тұрақтылық – ең жақсы кепілдік

Біздің қауіпсіздігіміздің басты кепілі тек геосаяси тепе-теңдік болмаса да, саяси реформаларға негізделген Қазақстандағы ұзақ мерзімді саяси тұрақтылық, халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға және адами капиталды қалыптастыруға бағытталған тиімді әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, сондай-ақ, сырттан келген ойыншылар пайдалана алатын «бесінші колоннаның» болмауы үшін Қазақстан азаматтарының өзін-өзі тек өз елімен сәйкестендіруі керек.

Негізінде, Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы өзара тығыз қарым-қатынас әлемдік экономикалық процестердің шикізаттық шеткері аймағында қалып қоймау үшін Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастықты жеделдете алады, әсіресе жасанды интеллекттің дамуымен байланысты төртінші ақпараттық революция аясында.

Бұл ынтымақтастықтың өзегі Қазақстан мен Өзбекстан болып табылатын екі ірі мемлекетінің өзара әрекеті болуы мүмкін, бұл ЕО үшін Германия мен Францияның аналогы бола алар еді. Сонымен қатар, Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастық бүкіл аймақтың экономикалық әлеуетін ашып қана қоймайды, бұған қоса ескі және жаңа әлемдік ықпал ету орталықтарының жағымсыз экономикалық, саяси және идеологиялық араласуынан тиімді қорғаныс болып табылады».

Фариза Сагындыкова

Recent Posts

Путин Иран президентін жерлеу рәсіміне бармайды

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің Иран президентін жерлеу рәсіміне баратын жоспары жоқ…

10 минут ago

«Өгей шеше өз анаңдай болмайды»: Абай Бегейдің үлкен қызы жазба жариялады

Эстрада әншісі Абай Бегейдің қызы, блогер Ерке Ниязқұлова «Инстаграм» парақшасында өгей анасы туралы әңгіме қозғады.…

21 минута ago

Тимур Бекмамбетов Өзбекстанда анимациялық мектептер ашып жатыр

Кинематография әлеміндегі ең танымал қазақ көрші елде өте керемет жобаларды жүзеге асырып отыр, ал президент…

4 часа ago

БҚО-да 57 жаңа үйдің құрылысы басталды

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен елді мекен тұрғындары үшін 357 жаңа үйдің құрылысы…

22 часа ago

Пара беруге итермелеген алаяқтар 10 жылға сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары»…

1 день ago

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8 жылға сотталды

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде тұтқынға…

1 день ago