Әлеуметтік желіге шолу

Ергежейлі жігіттің сүйіктісіне жасаған ұсынысы желіде қызу талқыланды

Бұл видео Аяжан Айдарқұлова есімді TikTok желі қолданушысының парақшасында жарияланып, 850 мың қаралым, 30 мың лайк жинаған. 

Мен інімнің үйленіп жатқан сәтінен бірнеше видео жүктеп едім, жағымсыз пікірлерден көз аша алмай қалдым. Жас жұбайларға бақыт тілеп жатқан жандарға рахмет. Сіздерге барлығын түсіндіргім келіп, видео түсірдім.

Желідегілер інім мен келінім жайлы «Жасы қырықта, шал ғой, жігіт бай, бай болған соң қыз тиіп жатыр» деп түрлі пікір жазып жатыр. Қыздың жағдайы бізден жақсы. Қыз адал, пәк. Оның иманы болғандықтан, інімді бақытты етемін деп тұрмысқа шықты.

Шетелдікке тұрмысқа шыққанша қазаққа тимейсің бе, деп айтатындар бар. Менің бауырым – қазақ. Оның бойы аласа болғаны болмаса, бауырым жүре алады. Олар сіздер көрмеген, жүрмеген жолмен жүрген. Менің бауырым – ел аралап, ем іздеп, әлем бойынша осы дертіне шипа тапқан үшінші адам. Келінім ақша үшін ініме үйленген жоқ, бұл –махаббат. Мен бауырымды мүсәпір көрмеймін. Оның қыздарды шертіп тұрып таңдайтын жағдайы бар. Жаным бауырым, қолыңа қондырған құсың құтты болсын. Сен бар жақсыға лайықсың. Себебі Алла сені ерекше етіп жаратқан,

деп жазды Аяжан Айдарқұлова.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago