Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов МӘМС атауының өзінде қателік барын айтты.
Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында депутат Ринат Зайытов денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға МӘМС-тің заты ғана емес, аты да қате екенін жеткізді. Депутат өз сөзіне мысал келтіріп берді.
Оның ішінде біріншісі – Президенттің сөзін бұрмалау. Президент жолдауында «міндетті» деген сөзді айтқан жоқ. Онда «ерікті әлеуметтік медициналық сақтандыруды тәжірибеге енгізуді ұсынамын» деді. Біздікілер «шаш ал десе, бас алады». Ерікті дегенді міндетті қылып жібердік. МӘМС-ті қазір тоқтата алмасақ, мен сізге бір мысал айтып берейін. Аягөзде МӘМС-тің жоқтығынан адам қайтыс болған. Сондықтан жаппай халықты қабылдайтын жүйе ойлап табуларыңызды сұраймын,
деді депутат.
Сонымен қатар Ринат Зайытов халықтың жан басын қаржыландыру бойынша аудандардан, ауылдардан келген шағымдардың көбейіп кеткеніне тоқталды, деп хабарлады El.kz.
Мысалы, ауылда бір адамда диабет делік. Оған адам толмайды деп дәрі бермейтін көрінеді. Ол жағдайда не істеу керек? Олардың барлығын бір ауылға тұрғызып қоямыз ба?
деп депутат өз сауалын министрге жолдады.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…