Ерке Есмаханның бұрынғы сүйіктісі алғаш рет сұхбат берді

Ninety one тобының бұрынғы мүшесі, A.Z лақапатымен танымал рэпер Азамат Зенкаев Ерке Есмаханмен қалай танысқанын, қандай қарым-қатынаста болғанын айтты. Сондай-ақ, рэпер Ерке мен Райм жұбын қалай қабылдағанын да ашық әңгімеледі. Бұл туралы өнер иесі Аман Тасығанға берген сұхбатында TALK LIKE бағдарламасында айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бағдарламада Аман Тасыған «Маска» шоуындағы жайтты еске салды.

«Осы жобаға келіп, өнер көрсеткен себебім қабырғама келіп, бір-екі ауыз сөз айтып кетейін деп», — деген еді A.Z сол кезде.

Оның бәрі шоу ғой, өтірік,

деп ағынан ақтарылды ол бағдарлама барысында.

A.Z әнші Ерке Есмаханмен қалай танысқанын әңгімеледі.

Ол менің өлең жазып бергенімді қалады. Сол мәселемен кездестік. Өзі сондай қыз ғой, әзілдейтін. Әңгімеміз жарасып кетті. Ауымыз жабылмай, сөйтіп, баурап алды ғой,

дейді ол.

Сонымен қатар, ол Ерке Есмаханға ғашық болғанын, жақсы қарым-қатынаста болғанын жасырмады.

Соңғы рет кездеспедік. Екі жаққа кеттік. Айырыламыз деп кеткен жоқпыз. Жай ғана кеттік те айырылысып кеттік. Сол кезде иә, ғашық болдым, жүрдім,

деді.

Бағдарламада A.Z Еркені анасымен таныстырғаны, анасы оны жақсы қабылдағаны да айтылды.

Иә болды (махаббат баянды болады деген үміт — еск.). Сол кезде болды. Ол мені тастап кетті дей салайықшы,

деді әнші.

Өнер иесі Ерке мен Раймның қарым-қатынасын қалай қабылдағанын да айтты.

Ерке менен айырылып қалды (күліп). Жоқ, мен ешкімнен айырылмадым. Өмір солай ғой. Бақытты болсын, күшті болсын деп қабылдадым. Өмірде қосылу болады, ажырасу болады. Әр адам өзінің өмірін сүреді, әр адам өзі біледі. Бақытты болса болды. Бір-бірін тауып, жақсы болып жатса, қуанамын. Неге біреудің қуанышы үшін қуанбасқа? Өмір бақи болғанын қалаймын (екеуі бірге — еск.),

дейді ол.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago