Фото: видеодан кадр
Жалпы қазір еркекті балдыз деп, әйелді тәте деп қатты шатасып жүрміз. Абайдың өзі Құнанбайды тәте деген, оқығандар біледі. Ал қазіргі қаланың қазақтары қай туысы қалай аталатынын біле ме? Осыған байланысты «Евразия бірінші арнасының» тілшісі арнайы эксперимент жасап көрді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Журналист қала тұрғындарын тоқтатып, туыстық атауларды сұрай бастағанда-ақ жасы үлкен апалар дұрыс жауап бере алмай, ойланып қалды.
«Абысындар деп кімді айтамыз? Абысын-ажын дегенді ажыратып беріңізші», — деген сұрақ қойды.
Өзіміздің туған, туған емес, жігітіңнің үй жағына қарайтын, қайын ағаларымыздың…,
3-4 абысыным бар. Қайын ағаларымның әйелдері ғой». Ал ажын деген…
Қазақта әр туыстың белгіленген атауы бар. Жастар түгілі үлкендердің өзі бұл атауларды білмейтініне жиеннің кім болатынын айта алмаған әженің жауабы дәлел болды.
Баламыздан туған бала жиен болады.
Ал тағы бір әжеден «бажа деген кім болады?» дегенде
Күйеу жігіт жағының несі болады ғой. Күйеу арқылы өзіміз алып отырмыз,
жауап берді.
Ал «шалымның туысқан әпкелерінің балалары бізге жиен болады. Ал жиеншар біздің қызымыздың балалары жиеншар болады», — деп жауап берген апа дұрыс жауабымен таңғалдырды.
Қалада білім алып жүрген жастар да туыстық атаулардан бейхабар болып шықты.
Жастардан «Балдыз деген кім болады?» деп сұрағанда:
Балдыз деген інім болады. Бажа деген әйелдің інісі болады,
деп жауап берді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…