«Жігіттер» квартетінен бөлініп шыққаннан кейін жеке әнші ретінде танылып, біраз әндер орындаған соң Еркін Нұржанов теледидардан көрінбей кетті.
Айтуынша, бұған әншінің Шымкентке көшуі себеп болған. Кейінгі жеті жылдан бері Нұржанов Шымкентте тұрып келген. Әкесінің денсаулығына байланысты Еркін осындай шешім қабылдаған. Бұл туралы ол «Қазақстан» Ұлттық арнасының «1001 түн» бағдарламасында айтты.
Алматыда қысым жоғары, сол анамның денсаулығына әсер беріп, анам содан көз жұмды. Ол әкемнің де денсаулығына әсер ете бастады. Жалғыз әкем қалған соң, сол кісінің жайын ойлап, қоныс аударуға тура келді,
деп түсіндірді әнші.
Әнші осы уақыт ішінде көбінесе отбасына көңіл бөлгенін атап өтті. Нұржановтың биыл төртінші баласы дүниеге келген.
Жақында ұлды болдым. Осы уақыт ішінде жанұяның жай-жапсарын жайғастырып жүрдім,
дейді Нұржанов.
Араға бірнеше жыл салып, Нұржанов қайта Алматыға қоныс аударған. Бүгінде шығармашылығына білек сыбана кірісіп, тіпті, жеке ән кешін өткізуге дайындалу үстінде.
Желтоқсанның 12-сі туған күнім, соған қарай жеке концертімді жоспарлап отырмын. Шымкенттен бастайтын шығармын. Алматы мен Астанада міндетті түрде үлкен концерт беремін,
дейді Нұржанов.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…