«Еркін жүре берейік, бізге ешкім тиіспейді». Орыстар не деп жатыр?

Жыл басынан бері Қазақстанға келген Ресейліктердің саны 1,6 милионнан асыпты. Қазір де ағылған орыстардың саны азаяр емес. Екі ел арасындағы жүздеген көлік кептелісте тұрғаны расталды. Ал телеграм-каналдарға лап қойған ресейліктер қалай болса да Қазақстанға жетудің амалын қарастырып, он мыңдап тіркеліп, бір-бірінен ақыл-кеңес сұрап жатыр. Ulysmedia.kz сараптама жасады.

Солтүстіктегі облыстарға жетіп алуды көздеген ресейліктер телеграм-арналарда Қазақстанға қалай орнығудың амалын сұрастырады. Рубльді қай пункте ауыстырып алуға болатынын, арзан қонақ үй қай жерде барын, пәтерді қанша ақшаға жалдауға болатынын білгісі келеді. Сондай телеграм-арналарға кірген қазақстандықтардың кейбірі оларға қолдау көрсетіп, ақыл-кеңесін айтып жатыр. «Келмеңдер» деп, қарсылық білдіріп жатқандар да көп.

«Қазақстанға не үшін келе жатырсыңдар?» деген сұраққа ресейліктер әртүрлі жауап қалдырған.

Бұл – өмір үшін күрес секілді. Поцифитспін. Менің еліме біреу шабуыл жасаса, қолыма қару алып, соғысар едім. Ал қазір кәрі маразматиктің имперлік геосаяси амбициясы үшін соғысқым келмейді. Ол аз десеңіз, туған-туыстарымның жартысы Украинада. Кімге қарсы соғысам? Ең бастысы не үшін? Сол себепті ең негізгі шешім – миграция. Бізде соғыс немесе түрме деген жол бар. Қайда барамыз?

дейді ресейліктердің бірі.

«Қазақстанда ресейліктер өздерін қалай ұстауы керек» деген сұраққа да бас қатырып жатқандар көп. «Ең бастысы, осы жерде баяғыдан тұрып келе жатқандай еркін жүре берейік, бізге ешкім тиіспейтін шығар» дейді біреуі.

«Бізді аяңыздар, көмектесіңіздер» деп жатқандар да бар. Телеграм-арнаға пікір қалдырғандардың бірі «біз жетімбіз, ресейліктер – әке-шешесі көшеге лақтырып тастаған бала секілді» дейді.

Алайда бері келе жатқан адамдардың ішінде заңды сұрап жатқандар да бар. «Права качать ету үшін Қазақстанда қандай заңды білуіміз керек?» деп сұрайды бірі. Қазақстанның кейбір азаматтары оларға құшақ жайып, «барған жерлеріңде қорықпай орыс тілін талап етіңдер» деп қайрап қояды.

Қазақстан арқылы басқа мемлекетке кетіп қалғысы келетіндер де бар. Олар «Қазақстан арқылы Түркия немесе басқа мемлекетке қалай ұшып кете аламын» деп ақыл сұрайды.

Еске сала кетсек, Ресей президенті Владимир Путин елде ішінара мобилизация жариялағалы бері ол елден кеткісі келетін адамдардың саны күрт өсті. Ресейліктерге Латвия, Литва, Эстония елдері шекарадан өтуге тыйым салған. Көбі Армения, Грузия, Қазақстан арқылы Ресейден кетудің амалын іздестіріп жатыр.

Қазақстанның ҰҚК Шекара қызметі Ресейден Қазақстанға кіріп жатқан азаматтардың саны күрт артқанын растады.

Шекара қызметі мемлекеттік құзыретті органдармен бірлесіп, шекара арқылы өту орындарында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде. Ресей шекара ведомствосымен өзара бірлескен іс-қимыл ұйымдастырылды,

делінген Шекара қызметінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

4 дня ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago