Сурет: gov.kz
Ермек Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін сағат 10.30-да Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы мәслихаттар депутаттарының жиналысы басталды. Күн тәртібінде өңір әкімін тағайындауға келісім беру ғана енгізілді.
Барлығы екі кандидат болды. Олар — ҚР Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ермек Көшербаев және ШҚО әкімінің орынбасары Дархан Сапанов.
Кандидаттарды мәслихаттардың 153 депутатына Үкімет басшысы Әлихан Смайылов таныстырды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Ермек Көшербаев басым түсті.
Ермек Беделбайұлы Көшербаев 1965 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.
1988 жылы C.Киров атындағы Қазақ Ұлттық университетін шет тілінде оқытатын тарихшы мамандығы бойынша бітірді.
1993 жылы КСРО Дипломатиялық академиясын халықаралық қатынастар және сыртқы саясат мамандығы бойынша аяқтады.
Қазақ, орыс, ағылшын және кәріс тілдерін біледі
Үйленген, 2 баласы бар. Ұлы – Дастан (1988), қызы – Дәмелі (1993);
Жұбайы – Динара Маркенқызы Шайжүнісова.
Көшербаев еңбек жолын 1988 жылы Алматыда № 170 орта мектепте тарих мұғалімі болып бастаған.
Көшербаев соңғы қызметте инвестициялар комитеті, сыртқы экономикалық саясат департаменті және «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының жұмысын үйлестірді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…