Categories: Саясат

Ермек Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды

Ермек Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін сағат 10.30-да Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы мәслихаттар депутаттарының жиналысы басталды. Күн тәртібінде өңір әкімін тағайындауға келісім беру ғана енгізілді.

Барлығы екі кандидат болды. Олар — ҚР Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ермек Көшербаев және ШҚО әкімінің орынбасары Дархан Сапанов.

Кандидаттарды мәслихаттардың 153 депутатына Үкімет басшысы Әлихан Смайылов таныстырды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Ермек Көшербаев басым түсті.

Ермек Беделбайұлы Көшербаев 1965 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.

1988 жылы C.Киров атындағы Қазақ Ұлттық университетін шет тілінде оқытатын тарихшы мамандығы бойынша бітірді.

1993 жылы КСРО Дипломатиялық академиясын халықаралық қатынастар және сыртқы саясат мамандығы бойынша аяқтады.

Қазақ, орыс, ағылшын және кәріс тілдерін біледі

Үйленген, 2 баласы бар. Ұлы – Дастан (1988), қызы – Дәмелі (1993);

Жұбайы – Динара Маркенқызы Шайжүнісова.

Көшербаев еңбек жолын 1988 жылы Алматыда № 170 орта мектепте тарих мұғалімі болып бастаған.

  • 1988-1991 жылдары — ҚазССР Сыртқы істер министрлігінің құпия іс қағаздарын жүргізу бойынша аға инспекторы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы, Сыртқы істер министрінің көмекшісі;
  • 1993-1994 жылдары — Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол басқармасының бірінші хатшысы, бөлім меңгерушісі;
  • 1994-1996 жылдары — Қазақстан Республикасының Президенті Аппаратының Халықаралық бөлімінің консультанты, Президент Аппараты Протокол қызметі басшысының міндетін атқарушы;
  • 1996-1997 жылдары — Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің бірінші хатшысы;
  • 1997 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министірлігінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің Азиялық қауіпсіздік бөлімнің басшысы;
  • 1997 — 1999 жылдары – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің көмекшісі;
  • 2000 жылы қаңтар-қазан аралығында – «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры» қоғамдық қоры директорының орынбасары, бірінші орынбасары;
  • 2000-2001 жылдары — «ҚазТрансОйл» ҰК» ЖАҚ баспасөз қызметінің басшысы, мұнай тасымалдау бойынша президент аппаратының басшысы;
  • 2001-2003 жылдары — «ҚазМұнайГаз ҰК» ЖАҚ аппарат басшысы, бірінші вице-президенттің кеңесшісі, президент аппаратының жетекшісі;
  • 2003 — 2004 жылдары – «Рауан Медиа Групп» АҚ бас директоры;
  • 2004 жылы мамыр-тамыз аралығында – «Отан» республикалық саяси партиясының орталық аппараты басшысының бірінші орынбасары;
  • 2004 – 2005 жылдары – «КазМунайГаз» АҚ президент аппаратының жетекшісі;
  • 2005 -2006 жылдары – «Атамекен» жалпыұлттық одағы атқарушы директорының бірінші орынбасары;
  • 2006-2007 жылдары — «Отан» республикалық саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің орталық аппарат басшысы;
  • 2007 жылы қаңтар – шілде аралығында – «Беркут» қаржы-өндірістік тобы» ЖШС директоры;
  • 2007-2008 жылдары — «KazEnergy» қазақстандық мұнай-газ және энергетикалық ұйымдары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры;
  • 2008 -2009 жылдары – «Рауан Медиа Групп» АҚ бас директоры;
  • 2009 – 2010 жылдары – АО «НК «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацисы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы;
  • 2010-2014 жылдары — ШҚО әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары;
  • 2014-2016 жылдары — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі;
  • 2016-2018 жылдары — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы;
  • 2018-2019 жылдары — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы;
  • 2019-2020 жылдары – Сыртқы істер министрінің орынбасары.
  • 2020 жылдан бастап Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі болды.

Көшербаев соңғы қызметте инвестициялар комитеті, сыртқы экономикалық саясат департаменті және «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының жұмысын үйлестірді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

21 час ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

22 часа ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

2 дня ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago