Фото: ашық дереккөзден
Абай облысының әкімі өзендегі апат туралы ақпаратқа түсініктеме берді.
Әлеуметтік желілерде Абай облысының Долон ауылында болып жатқан экологиялық апат туралы ақпарат тарап жатыр. Ертіс өзенінің жағдайы халықты алаңдатып қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Долон ауылына Ертіс өзенінде химиялық заттарды (цианид) пайдаланып, алтын алу үшін қытайлықтар бригадасы келгені туралы ақпарат тарады. Бейнежазбада автор шағандықтарды әкімдіктің алдына жиналуға шақырады.
Ертіс өзенінде шомылуға, көп су ішуге болмайды, тіпті малға да қауіпті. Қытайлықтар келгеннен кейін Долон тұрғындары мұны білді,
дейді бейнежазба авторы
Абай облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі бұған түсініктеме беріп, ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.
Ертіс өзенінде химиялық заттарды (цианид) пайдаланып, алтын өндіру үшін ҚХР азаматтарының бригадасы келді деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бесқарағай ауданының әкімі Талғат Мұратовтың тапсырмасы бойынша Бесқарағай ауданы әкімінің міндетін атқарушы А.Т. Тастенбеков пен Долон ауылдық округінің әкімі Қ.Қ. Ипанов тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін сол жерге барды,
деп мәлімдеді баспасөз қызметі.
Бұл жұмысты Қытай азаматтары емес, Ertis Mining ЖШС қазақстандық кәсіпорны жүргізіп жатқаны анықталды. Ертіс өзенінде жағалауды нығайту және түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу үшін көп шөмішті жер снаряды әкелінген.
Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінде жұмыстар толығымен тоқтатылғанын атап өтті. Бұл мәселе ерекше бақылауда.
Ертіс өзенінде пайдалы қазбаларды барлау жұмыстары жүргізілмейді. Долон ауылының тұрғындарымен 2023 жылғы 9 маусымда сағат 15:00-де Ertis Mining ЖШС бас директоры Ғалымжан Ақтанұлы Уатаевтың қатысуымен кездесу өткізу жоспарлануда,
деп нақтылады ведомоствосында.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…