Ержан Мырзабаев индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды

Ержан Мырзабаев индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ержан Жексенғалиұлы Мырзабаев Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды

, — делінген хабарламада.

Ержан Жексенғалиұлы Мырзабаев 1969 жылы 12 тамызда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Армия генералы А. В. Хрулев атындағы Ярославль жоғары әскери қаржы училищесін, Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Қаржы академиясын бітірген.

Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдарында бастады.

1995-1996 жылдары Қорғаныс министрлігінің Бюджеттік-қаржы басқармасы Қаржы инспекциясының инспектор-ревизоры болып жұмыс істеді.

1999-2000 жылдары ҚР Қорғаныс Министрлігі Экономика және қаржы департаменті Ревизионды-бақылау басқарма басшысының орынбасары-қаржы бөлімінің бастығы, Ревизионды-бақылау басқармасының басшысы болды.

2000-2002 жылдары — ҚР Қорғаныс министрлігі Бас қаржы инспекциясының бастығы.

2002-2006 жылдары — ҚР Республикалық Ұланның ревизиондық-бақылау қызметінің бастығы, әскери-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету департаменті бастығының орынбасары – Қаржы-экономикалық басқармасының бастығы.

2007-2009 жылдары — «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Активтерді басқару және  бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры, Алматы қаласы бойынша өңірлік филиалының директоры-басқарушы директоры.

2009-2010 жылдары — «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Қаржы және бухгалтерлік есеп департаментінің директоры.

Әр жылдары Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің құрылымдарында басшылық қызметтер атқарды.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago