“Ешқандай партияда жоқпын, оңай соқпайды”: Нұрлан Албан Мәжіліс сайлауына қатысады

Белгілі әнші Нұрлан Албан Мәжіліс сайлауына үміткер ретінде тіркелгенін хабарлады, деп жазады “Адырна” ұлттық порталы.

Құдайдың қалауымен ниет етіп, үлкен іске қадам жасадым. Бұл ақпаратты естігенде біріңіз күйінерсіз, біріңіз сүйінерсіз. Енді біріңіз мақтарсыз, біріңіз даттарсыз. Бұл қадамды жасамас бұрын көп ойландым. Мені жақсы көретін ел-жұрттың, дос-жаран, ағайын-бауырлардың ұсынысымен алда келе жатқан үлкен науқан, сайлауға мен де қатысып, бәйгеде бағымды сынасам деп шештім. Күні кеше Алматы облысына қарасты сайлау округіне берілген талап-тілектерім ескерілді,

деді Нұрлан Албан.

Мінекей, бүгін қолыма бірмандатты жүйе бойынша өзімді-өзім ұсынып, ҚР Парламент Мәжілісі депутатына кандидат деген куәлік берілді.

Өнер иесінің айтуынша, ол ешқандай партияға мүше емес.

Мен ешқандай партияда жоқпын. Жалғыз ілікті адамға бұл жауапкершіліктің жоғары екенін, қаншалықты қиын екенін, қаржылай жағынан да оңай соқпасын білемін. Не болса да, осыған қатысуға бел шештім. Әрине бай-бағланның баласы емеспін, асып-тасқан бай емеспін. Мені жақсы көретін дәулетті аға-апаларым көмек, қолдау көрсетемін десе, қарсы емеспін. Ең бастысы, тілекші болыңыз,

деп мәлімдеді Нұрлан Албан өзінің Instagram парақшасында.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

2 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

3 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

6 дней ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

6 дней ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

6 дней ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

6 дней ago