Қоғам

Есігі қасықпен ашылады: Қызылорда облысындағы жедел жәрдем көлігі желіні шулатты

Депутат, блогер Дәулет Мұқаев әлеуметтік желіде ауылдардың біріндегі адамшошырлық жедел жәрдем көлігінің видеосын жариялаған болатын. Оның сөзінше, оқиға Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сексеуіл ауылында болған. Арал аудандық көпбейінді орталық ауруханасы өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде жарияланған кадрларда жедел жәрдем көлігінің терезесі жоқ екені, алдыңғы терезесі көрпешемен жабылғаны, тіпті медицина қызметкерлері көліктің алдыңғы есігін қасықпен ашып жатқаны көрінеді.

Аудандық көпбейінді орталық аурухана мәліметінше, Сексеуіл кентіндегі санитариялық медициналық жедел жәрдем көліктері 2008, 2014 және 2017 жылдардан бастап берілген.

Әлеуметтік желіге жүктелген бейнематериалдағы көлік емхана көліктерінің уақытша істен шығуына байланысты аумақтағы халыққа медициналық көмек жалғасын табу мақсатында берілген жедел жәрдем көлігі болатын. Қазір емхананың көліктері жөндеуден өтті.

Аудан ауруханасына биыл 3 санитариялық медициналық көлік қарастырылып, оның 1 данасы Сексеуіл медициналық ұйымына берілу жоспарланып отыр. Алдағы уақытта уақытта оңтайлы шешімін табатынын жеткіземіз, деп жауап беріпті аурухана басшылығы.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago