«Есімін өзім қойдым»: Әли Оқапов ұлы туралы сұрақтарға жауап берді

Әнші Әли Оқапов тұңғыш рет ұлы туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Massaget.kz.

«Өнер адамдарына өнер орынсыз болып кетті» деген әнші үзілістен кейін шығармашылыққа білек сыбана кіріскен. Тіпті тыңдармандарын жақында су жаңа үш әнімен қуантатынын жеткізді. Бірақ ол анасы бірінші орында екенін айтты.

Кейінгі екі жылда мен өнерімді тоқтата тұрып, анамның шығармашылық кеші, альбомдарына ден қойдым. Роза Қуанышқызы елордада жеке ән кешін жеті жыл бұрын беріпті. Алматыда концерт өткізіп, туған күнін атап өттік. Оркестрдің сүйемелдеуімен, жаңа әндерден құралған және өзі сүйіп тыңдап, орындап жүрген әндердің жаңа нұсқаларын жинап, осы екі жыл ішінде үш альбом жаздық,

дейді Әли Оқапов.

Әнші анасы туралы көркем фильм түсіруді жоспарлап жүргенін жеткізді. Кино желісі қазақтың еңбек сіңірген әртісі Роза Қуанышқызының жүріп өткен жолдары, өнерге қалай келгені туралы болмақ.

Әли Оқапов ешкімге тіс жармаған ұлы туралы ақпаратты да бөлісті. Тіпті тұңғышын бауырына басқанда қобалжу сезімі болғанын жасырмады.

17 ақпан бөпеміз дүниеге келді. Ұлды болдым. Бойы — 49 сантиметр, салмағы — 2900 грамм. Аты — Зейін. Оқапов Зейін Әлиұлы. Анам «атын өзің қой» деді. Көп ойланбай перзентханадан шығармай тұрып, екі күн бұрын осы есім ойыма келді. Болашақта зейінді азамат болсын деп «Зейін» деп қойдым. Бастысы өзіме ұнайды,

дейді әнші.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

2 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

2 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

2 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

2 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

3 дня ago

Түркістанда 90 млн теңге қарызы бар қазақ жүр

Ол аздай, оны полиция ұстап алды. Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау”…

3 дня ago